Түрмеде отырған қызылордалық әйел күйеуге шықты

Аиса Махамбет Редактор
08.11.2024, 15:39
725
Түрмеде отырған қызылордалық әйел күйеуге шықты polisia.kz

34 жастағы әйелдің некесі колония қабырғасында қиылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылордада сотталған әйел заңды некеге тұрды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінде 150-ден астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Олардың арасында әйелдер де бар. Бүгін осы мекемеде қалалық АХАЖ бөлімінің қызметкерінің қатысуымен 34 жастағы Д.есімді әйелдің некесі қиылып, неке қию куәліктері табысталды. 

Сотталғандар үшін заңды некеге тұру, оның түзеліп, өз орнын табуына және болашақта отбасылық жауапкершілікті сезінуіне ықпал етеді. Мекемеде жыл басынан 3 сотталған заңды некеге тұрған. Мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері мен психолог маманы сотталғандарға үздіксіз тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, әлеуметтік тұрғыда бейімдеп, психологиялық қолдау көрсетеді. Олардың өмірге деген көзқарастары өзгеріп, бостандыққа шыққанда қоғамға тез сіңісіп кетеді, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы Бауыржан Сәметов.

Сотталған әйел бостандықта кездескен азаматпен заңды некеге тұрғанын айтты.

Отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайық, – дейді сотталған әйел.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды