Құлаққаптың кесірі: Әкімдік маманын пойыз қағып кетті
Ақмола облысы Бұланды ауданының Макинск қаласында бүгін таңғы 08:45-те жас жігіт пойыз астына түсіп, жан тапсырды.
Мерт болған адам өтуге рұқсат берілмеген жерден қарсы бетке шыққысы келген. Пойыз шұғыл түрде тежегішті іске қосқанымен, сигнал бергенімен еш нәтиже болмаған. Капишон киіп, құлаққап тағып алған жас жігіт оның бәрін естімеген.
32 жастағы ер адам Бұланды ауданының әкімдігінде маман болып жұмыс істегенін атап өткен жөн.
Материал авторы