Қоғам «футбол» деп шулап еді: Барменқұлов ақыры қызметінен кетті
Соңғы уақытта қазақстандықтар футболдан Ұлттық құраманың ойынын сынға алып, бас бапкердің қисынсыз әрекеттеріне наразы болған-ды. Тіпті, ішкі біріншілікте де төрешілердің кәсібилігі ашуға тиген еді.
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың қызметінен кеткені хабарланды.
Ол 2022 жылдың ақпан айынан бері еліміздің футбол федерациясының тізгінін ұстап келген еді. Сол кезде ол сайлауға түскен бес үміткердің арасында ең көп дауыс жинаған болатын.
Бұған дейін депутаттар Қазыбек Иса мен Дархан Қыдырәлі ел футболының тағдырына алаңдап, депутаттық сауал жолдаған болатын.
Материал авторы