Бишімбаевтың ісінен кейін танымалдылыққа ие болған прокурор қандай кеңес береді

08.11.2024, 17:23
822
Бишімбаевтың ісінен кейін танымалдылыққа ие болған прокурор қандай кеңес береді бейнежазбадан алынған кадр

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің 10 жылдығына арналған республикалық форум өтті.

Аталған іс-шарада Қуандық Бишімбаевтың ісінде мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова мәселе көтерді.

Ол кейінгі кезде жастар арасында құқық бұзушылықтың көбейуі байқалатынын айтты. Зорлық-зомбылық, вандализм, бұзақылық фактілері мен балаларға қатысты қылмыстардың артуы алаңдатып отырғанын жасырмады.

«Бұл бізге моральдық, психологиялық тұрғыдан өте ауыр. Бір жағынан, ана ретінде аяғын шалыс басқан жастардың болашағына уайымдаймыз. Екінші жағынан, заңгер ретінде жаның ауырады. Қалай десек те, заңды шешім шығарып, жастарды тура жолға салуға тырысамыз. Бірақ біздің балаларымыз неге заң бұзады? Неге қатігездік танытады? Осы ойлар мені көп мазалайды. Бұдан бір түйгенім, отбасында тәрбие құлдырап тұр, – деді ол.

Прокурор халықты қоғамда құқықтық мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысуға шақырды. Осылайша, Аналар кеңесі аясында «Тәртіпті өзіңнен баста!» қоғамдық акциясын бастауды ұсынды. Мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға үндеу, құқық бұзушылық пен тәртіпсіздіктің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды