Енді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгереді

09.11.2024, 10:14
962
Енді «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгереді коллаж smartnews.kz

Бағдарламаға енді тек 100 млрд теңге бөлінеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ұлттық банкі «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы» қаулыға өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.

Өзгерістер Ұлттық банктің 2024 жылғы 30 қазандағы №65 басқарма қаулысымен енгізіледі, онда:

2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгілеу;

«7-20-25» бағдарламасы бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыруды енгізу;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.

Бұл нормалар халықты, әсіресе, баспанаға мұқтаж азаматтарды мейілінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі.

Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады, – делінген ақпаратта.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20%-дан басталатын бастапқы жарнасы кезінде жылдық 7% жеңілдікті мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылды.

2024 жылғы 31 қазандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 1 059,6 млрд теңгеге жеңілдетілген 76 753 қарыз берілді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды