Министрлік балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылауға алу керегін ескертті

09.11.2024, 10:48
722
Министрлік балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылауға алу керегін ескертті depositphotos

Министрлік ата-аналар үшін балаларды бақылап отыруға арналған қосымшалар мен бағдарламалар тізімін ұсынды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ата-аналар үшін қолжетімді шешімдер шолуын ұсынды.

Ересектердің әлжелілердегі балалар қауіпсіздігіне қатысты көп алаңдаушылық білдіруі орынды әрекет. Заңсыз материалдарды тарату, балаларды түрлі қылмысқа тарту, тіпті суицидке дейін жеткізетін манипуляция интернет алаңында көп.

Мемлекеттік құзырлы органдар мұндай бассыздыққа қарсы тұру үшін қандай да бір шараларды қолданып жатқанмен, әр баланың қауіпсіздігін жеке бақылауға алуға органдардың құзыры жете қоймайды. Мұндай жағдайда әр ата-ана өз баласының қауіпсіздігі үшін оларды толыққанды интернетті пайдаланудан шектемей-ақ, бүлдіршіндерді ата-ана құқығы арқылы бақылауға алса болады.

Балаларды бақылауға арналған сервистер заңсыз контентке қол жеткізуді шектеуге, онлайн-әрекеттерді қадағалауға және телефонды пайдалану уақытын бақылауға көмектеседі.

Ондай пайдалы қосымшалардың қатарына мыналар кіреді:

- Kaspersky Safe Kids: сайттарды бұғаттау, геолокация, белсенділік туралы есептер.

- Dr.Web Security Space: антивирус және ата-ана бақылауы, контентті сүзу.

- Qustodio (Испания): контентті сүзу, экран уақытын шектеу, әлеуметтік желілерді бақылау.

- Net Nanny (АҚШ): контентті бұғаттау, экран уақытын шектеу және орналасқан жерді қадағалау.

- Norton Family: сайттарды сүзу, пайдалану уақытын шектеу және іздеу сұрауларын қадағалау.

- Kidslox: экран уақытын шектеу, қосымшаларды бұғаттау және орналасқан жерді қадағалау.

- Parental Control Kroha (Украина): қосымшаларды бұғаттау, веб-бақылау, белсенділікке мониторинг жасау.

- Google Family Link: Android жүйесінде белсенділікті бақылауға арналған тегін қосымша. Ата-ана мен баланың құрылғыларына орнату қажет.

- Kidlogger: белсенділікті қадағалауға мүмкіндік беретін пассивті бақылау.

- Кірістірілген мүмкіндіктер: Android үшін Google Play арқылы, iOS үшін — геопозицияны қадағалау үшін «Экран уақыты» және «Орналасқан жерді анықтау».

- TikTok Family Pairing: жасөспірімдердің TikTok қолдануын бақылау, экран уақытын шектеу және контентті сүзу мүмкіндігімен.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді