Тараздағы жалдамалы пәтерден екі әйел адамның мәйіті табылды
Мәйіттерде зорлық белгісі байқалған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылды.
Қайтыс болған әйелдер Алматы мен Тараз тұрғындары. Олардың денесінен зорлық-зомбылық іздері анықталған.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Адам өлімі фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен Жамбыл облысының Полиция департаментінің басшылығы барды, - деді полиция.
Оқиғаның мән-жайын анықтау және күдіктіні ұстау үшін барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші