Шудың бойында кетіп бара жатқан жеңіл көлік өртеніп кетті
Шу қаласында жеңіл көлік отқа оранды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысы Шу қаласында жеңіл көлік өртенді. Оқиға Байтеленов көшесі бойында болған.
Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт автокөліктің мотор бөлігінен шыққан. Өрт сөндірушілер жалынды тез арада сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.
Осы ретте мамандар көліктеріңізді техникалық тексеруден өткізіп, ақау шықса, дер кезінде жөндетуге кеңес береді. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші