Ақтөбеде тікұшақ құлап, 1 адам көмек жеткенше бақилық болды

09.11.2024, 13:31
825
Ақтөбеде тікұшақ құлап, 1 адам көмек жеткенше бақилық болды әлеуметтік желіден

Қорғаныс министрлігі опат болған әскеридің отбасына көмек көрсететінін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бүгін Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. 

Бортта болған 3 адамның біреуі қаза болған. Екеуі аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Белгілі болғандай, екеуі де есін біледі. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі екі науқасқа қатысты мынадай мәлімдеме жасады.

— Зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты ауыр. Екеуі де есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатыр. Ұшақтың құлағаны туралы ақпарат 103 қызметіне сағат 11:36–да түсті. Оқиға орнына Мәртөк аудандық ауруханасынан жедел бригада жетті. Бір адам жедел жәрдем барғанша көз жұмған. Ал екеуін аэродромнан күтіп алып, күйік шалқан науқастарды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Қазір реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Түрлі диагностикадан өтеді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, оқиға сағат 11:40 шамасында болған. Сол уақытта 112 нөміріне ауыл маңында тікұшақ құлағаны туралы хабар келіп түскен.

— Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының ауданында тікұшақтың қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Әуе кемесі болжам бойынша ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 бірлік техника жіберілді. Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді. МИ — 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді, — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатына қатысты ресми хабарлама жасады.

— Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі — техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды