Смақов: Зайнутдинов пен Айымбетов Қазақстанға келмеуі керек

09.11.2024, 14:16
797
Смақов: Зайнутдинов пен Айымбетов Қазақстанға келмеуі керек коллаж smartnews.kz

«Қазақстанға оралдым дегенше, футболмен қоштастым дей берсін» деп күйінді Самат Смақов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы Самат Смақов Түркияның беделді клубтарында өнер көрсетіп жүрген Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов елге оралмасын деген мәлімдеме жасады. Бұл туралы футболшы Бірінші бол берген сұхбатында айтқан.

«Түркия чемпионатының деңгейі өте жоғары. Егер сен жекелей көрсеткіштер бойынша оқ бойы озық тұрсаң, онда алаңға шығасың. Бахтиер Зайнутдинов Түркияның топ клубында ойнайды. Ол жақта кілең жұлдыздар жиналған. Оның үстіне, Баха да легионер, тиісінше оған қойылатын талап мүлде бөлек. Бірақ Баха басқа көрсеткіштер бойынша мықты. Ол тәртіпке бағынатын, команда үшін ойнайтын футболшы, сенімді қорғаушы. Оны қорғаныс шебіне түсіріп жатқаны да сондықтан, ал шабуылда басқа қабілеттер керек», - дейді ол.

Самат Смақов Зайнутдиновтің өте еңбекқор, өзіне өте талапшыл футболшы екенін атап өтті. 

«Екеуміз жиі сөйлесіп тұрамыз, Түркияға барғанда да кездесеміз. Бірақ ол жақта легионерлерге талап бөлек, сен шетелден келдің бе, онда жұлдыз болуың керек. Басқа клубқа кетемін десе, Түркиядағы ортаңқол командалардың біріне немесе еуропалық клубқа барғаны дұрыс. Өзіне де соны айтқанмын. Ресейге де, Қазақстанға да оралудың қажеті жоқ. Ресейге келсе, екі жыл топ клубта ойнар, сонан соң басқа орташа ұжымға жалға беріледі, тағы екі жылдан соң Қазақстанда жүреді. Бұған күмәнім жоқ. 

Абат Айымбетов екеуінің оралғандарын қаламаймын. Абатқа да оңай еместігін білемін, ол жақта бәсекелестік жоғары ғой, менмін деген футболшылармен иық тірестіріп ойнап жүр. Алаңға жиі шықпаса да, барын салып жатыр. Түркиядан кетемін десе, Словакия, Чехия чемпионаттарына барсын.

Мысалы, Рамазан Оразов өте дұрыс істеді. Қазақстанға оралдым дегенше, футболмен қоштастым дей берсін. Иә, елімізге немесе Ресейге келсе, банктен жалақыға қатысты келетін хабарламада бір нөл артық болар, алайда сіз футболмен қоштасасыз. Бұл жерде әркім таңдауды өзі жасайды: не футбол, не ақша», - деді Самат Смақов.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды