Трамп Палестинаға «Газадағы қырғынды тоқтатамын» деп сөз берді

09.11.2024, 14:50
430
Трамп Палестинаға «Газадағы қырғынды тоқтатамын» деп сөз берді ТСН.ua

Трамп пен Палестина ұлттық әкімшілік басшысы 2017 жылдан кейін алғаш рет тілдесті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп жұма күні Палестина ұлттық әкімшілік басшысы Махмуд Аббаспен телефон арқылы сөйлесіп, Газа секторында атысты тоқтату жұмыстарына атсалысатынын айтты. Бұл Kazinform жазды. 

Дональд Трамп пен Махмуд Аббас АҚШ президенті Иерусалим қаласын Израиль астанасы деп танитынын жариялап, онда Америка елшілігін орналастырғаннан соң сөйлеспеген. Бұл тілдесу Палестина басшылығы Трамппен қарым-қатынастың жаңа кезеңін бастауға дайын екендігін білдіретін белгі болды. 

Өткен жылдың шілдесінде Трамп Аббастан келген хатты жариялады. Онда Палестина басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты алаңдаушылық танытатынын айтып, өңірде бейбітшілікті сақтау үшін барын салатынын айтқан. 

«Аббас Трампты жаңа мерзімге президенттік лауазымға сайлануымен құттықтап, оған қызметінде сәттілік тіледі. Ол, сондай-ақ, Трамппен бірге халықаралық легитимділік пен қағидаттарға негізделген әділетті әрі кең қамтымды әлем қалыптастыру бағытында жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді» делінген Палестина басшылығының хабарламасында.

— Өз кезегінде Трамп соғыстың тоқтауын қалайтынын, ол үшін президент Аббаспен де, өзге өңірлік әрі жаһандық мүдделі тараптармен де аймақта бейбітшілік орнауы үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін білдірді, — деп хабарлайды Палестина президенттігінің өкілдері.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді