«Алқабилер балаларды ақтап алмақ болған»: Жұмабаев ауданындағы екі бала адам өлтіргені үшін 12 жылға сотталды
Бесіктен белі шықпай жатып адам өлтірген қаскөй балалар сот шешімімен келіспей отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда кісі өлтірді деп айыпталған екі жасөспірім 12 жылға сотталды.
Максим Ивановский мен Евгений Баширов Мағжан Жұмабаев ауданындағы Медвежка ауылында адам өлтіріп, марқұмның 150 мың теңгесін қолды қылған. Көп ұзамай полицейлер күдікке ілінгендерді құрықтап, қылмыстық іс қозғады. Алайда алқабилердің соты оларды ақтап шықты.
Артынша жәбірленуші тарап бұл шешіммен келіспей, аппеляцияға берген. Араға бірнеше ай салған соң, жаңадан қаралған істің нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылды.
Қос қылмыскер кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған мекемеде жазасын өтейтін болады.
Материал авторы