«Әйелім жылап қалады»: бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов отбасы туралы

09.11.2024, 18:13
3059
«Әйелім жылап қалады»: бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов отбасы туралы Aqorda

Құрама көшбасшыларының бірі Абылайхан Жүсіпов мені көп кітап оқуға баулыды дейді чемпион.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бокстан әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов жылына қанша кітап оқитынын, отбасын құрғалы жаттығуына қалай әсер еткенін және бапкерінің орнын кім басқаны туралы сауалға жауап берді. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

«Отбасын құрғалы жағдайым жақсара түсті. Әйелім барлық жағдайды жасап, түсіністікпен қарап қолдайды. Отбалылы болуым жаттығуға кедергісін келтірген жоқ. Кімге тұрмысқа шығып жатқанын білді ғой. Тек жаттығу жиындарына кетер алдында бір жылап алатыны бар», - деді ол.

Сондай-ақ, боксшы өзінің көп жылдан бері кітап оқуға әуес екенін атап, бұл әдетті кімнен үйренгенін атады.

«Кітапты жиі оқимыз. Бұған мені баулығын Абылайхан Жүсіпов болатын. Кітапты ол көп оқитын шығар. Екеуіміз бір-бірімізге әрдайым кітап сыйлап тұрамыз. Ақыл-ой айтып, пікір алмасып отыратынымыз тағы бар. Биылға 20 кітап оқуды мақсат еттім. Қазіргі уақытта ол меже тек 12 кітап болды. Осы оқу-жаттығу жиындарына 2 кітап алып келгем. Әр адам кітап оқуы тиіс. Есенберлиннің «Көшпенділерін» оқыған адам өзінің қазақ екенін, қандай ұлт екенін таныр еді деп ойлаймын», - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Сонымен қатар, боксшы өзінің кімнің қарамағында жаттығып жүргенін жеткізді. Оны баптаған Марат Жақиев қазіргі уақытта Англияда көрінеді. 

«Қазіргі таңда жеке бапкерім – елімізге еңбек сіңірген спорт шебері Берік Әбдірахманов. Кезінде бірге дайындалғанбыз. Марат ағай менің бапкерім, ол кісімен әрдайым байланыстамыз. Ол қазір Англияда Мейірім Нұрсұлтановпен кәсіпқой бокс кешіне дайындалып жатыр. Келгеннен кейін бірге жаттығамыз. Жекпе-жек алдында қарсыласқа қатысты тиісті ақылын айтып отырады», - деді Бекзат Нұрдәулетов.

Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылы әлем чемпионатында 81 келіде топ жарған болатын. Ол Токио Олимпиадасына қатысушы. Споршы қазан айында Шымкентте Қарақозы Әбдіәлиевті еске алуға турнирде 86 келіде жеңімпаз атанды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды