Марқұм Салтанат Нүкенованың жылдық асы берілді

Аиса Махамбет Редактор
10.11.2024, 13:31
1202
Марқұм Салтанат Нүкенованың жылдық асы берілді бейнежазбадан алынған кадр

Тура бір жыл бұрын Салтанат 31 жасында өзінің күйеуінің қолынан қаза болып, бақиға аттанды…

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Салтанат Нүкенова 1 жыл уақыт бұрын экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан еді.

Салтанат Нүкенова 1992 жылы 15 мамырда Павлодарда дүниеге келген. Салтанат Нүкенованың есімі 2023 жылдың 9 қарашасында бүкіл әлемге танымал болды. Ол 31 жасында өзінің азаматтық некедегі жары Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапты. 9 қарашада ұсталған Қуандық Бишімбаевтың кінәсі дәлелденіп, жарты жылға созылған істің нүктесі қойылды. Ол аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 24 жылға темір торға қамалды. Ал оның қылмысын жасыруға көмектескен Бақытжан Байжанов 4 жыл арқалады.

Салтанат Нүкенованың өлімі қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырды. Қоғамда зорлық-зомбылық мәспелелері ашық талқыланып, жазыла бастады. Соның нәтижесінде әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жаза қатаңдатылды. Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Осы сәттен бастап Салтанат Нүкенова еркіндік пен зорлыққа қарсы қоғамның символына айналды.

Қуандық Бишімбаев сотын барша қазақстандықтар мен шетел азаматтары тікелей эфирде көрді. Сот барысында Салтанат Нүкенованың Бишімбаевпен некелескен 2022 жылдың күзінен бастап, бір жыл бойы физикалық және моральдық тұрғыда зорлық көргені дәлелденді. Әсіресе, Нүкенова өлім аузында жатқанда Бишімбаевтың 20 минут ішінде 175 рет бір сұрақты қайталап, видео түсіріп алғаны қоғамды дүр сілкіндірді. Алқабилердің бірнешеуі эмоциялық түрде соққы алып, жедел жәрдем шақыруға тура келген. 13 мамыр күні айыпталушыға халықтың атынан алқабилер үкім шығарып, әділдік орнады.

Қазіргі таңда Салтанат Нүкенова атындағы қор жұмыс істеп жатыр. Қордың негізін қалаушы - Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді. Ол тұрмыста зорлыққа ұшыраған әйелдерге тиісті көмек көрсететінін атап өтті.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады