«Бір әнмен жағдайымды жасап алдым»: Зарина Омарова «Жан гүлім» әнімен қандай табысқа жетті

Аиса Махамбет Редактор
10.11.2024, 18:48
1879
«Бір әнмен жағдайымды жасап алдым»: Зарина Омарова «Жан гүлім» әнімен қандай табысқа жетті жеке мұрағатынан

90-жылдары гонорарым 1000 доллар болды дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Зарина Омарова орындайтын 1994 жылы жарыққа шыққан «Жан гүлім» әнінің тарихы мәлім болды. Бұл туралы әнші KAZ.NUR.KZ сұхбатында айтты. 

Әннің музыкасын Марат Омаров, сөзін ақын Серік Тұрғынбеков жазған.

Ақын Серік Тұрғынбеков ағам әуенін тыңдап, сөзін жазып бастағанда: «Марат, мына ән өсіп келе жатқан гүл сияқты. «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі» демекші, бұл әуен мен сөзінде менің алғашқы бала кездегі сезімдерім бар. Әннің атауын «Жан гүлім» деп қойсақ қалай болады?» деді. Дәл осылай ұсыныс жасады. Өйткені жастық шақта әркімнің алғашқы махаббаты болады ғой. Ақынның да сол сезімі еске түсіп, осы әннің атауын өзі қойды. Хит боларын мен сездім, – дейді Марат Омаров. 

Сазгер мен ақын әннің орындаушысын ұзақ іздемеген. «Жан гүлім» әні жазылып жатқанда Марат Омаровтың қызы – Зарина Омарова туындыны тыңдап, сұрап алған.

Бұл әнді әкем маған арнайы жазды деп ойлаймын. Әуенін естігенде бірден ұнатып, өзім орындайтынымды айттым. Өйткені маған жазылған сияқты боп тұрды. Содан кейін әкем өзі маған осы әнді ресми түрде ұсынды. «Қызым, осы әнді сен айтасың» деді. Дереу бір күнде әнді өңдетіп, студиядада дауыс жаздырдық. Ең алғаш жаңа жылдық бағдарламада орындап шықтым. Сол сәтте бірден халық арасында тарап кетті. Содан кейін 1994 жылы Республика сарайында әкемнің концертінде шырқадым. Содан бері менің екінші есімімді халық «Жан гүлім» деп атап кетті.

«Жан гүлім» әні шырқалса бірден Зарина Омарова еске түседі. Сондықтан бұл ән менің төлқұжатыма айналды. Менің шығармашылығымның басты хиті – «Жан гүлім» әні. Бұл әннің екінші тынысы ашылды. Алғаш жарыққа шығарғанда хит болды, кейін мен декреттік демалыстан кейін қайтадан жаңа өңдеуде жаздым. Тағы да сұранысқа ие болып, тойларда «Жан гүлім» әнісіз мені қабылдамайтын болды. Бұрын стадиондарда халық қосыла шырқап, менімен бірге әндететін, – дейді Зарина Омарова. 

«Жан гүлім» хитіне сұраныс жоғары кезінде әнші танымал болып, қалтасы қалыңдаған. 

Жағдайымды «Жан гүлім» әнімен жасап алдым. Бұл ән маған көп табыс алып келді. Ол кездері «Жан гүлім» әнінсіз той өтпейтін. 90-жылдары менің гонорарым Алматы қаласында 1000 доллар еді. Күніне кем дегенде 5-6 тойға кіріп шығамын. Қымбат көлік алдым, қомақты ақша да жинадым. Қасымдағы құрбы студент қыздармен қыдырғанда мейрамханада, кафеде барлық ақшаны мен төлейтінмін. Қанша жас болсам да «Жан гүлім» әнінің арқасында атаққа, сондай дәрежеге, табысқа ие болдым, – дейді әнші. 

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?