«Бұл сапардың жөні бөлек»: Қарақат Әбілдина үлкен ұлымен Малайзияға кетті

Аиса Махамбет Редактор
10.11.2024, 19:30
1571
«Бұл сапардың жөні бөлек»: Қарақат Әбілдина үлкен ұлымен Малайзияға кетті жеке мұрағатынан

Малайзиядағы елшілік пен Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен Қарақат Әбілдина мен тұңғышы Бекболат Болманов Малайзияға кетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Қарақат Әбілдина үлкен ұлымен Малайзияның Куала-Лумпур қаласына кетеді. Айтуынша, Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен бара жатыр.

Өнер иесі бұл өзі үшін тың бастама, жаңа қадам болмақ екенін жеткізді.  Оған мемлекеттік маңызы бар шарада ұлттық құндылықтарымыз жайында баяндама жасауға ұсыныс түскен.

«Малайзияның Куала-Лумпур қаласына ұлымды ертіп жолға шығып барамын. Бұл сапардың мен үшін маңызы ерек, жөні бөлек. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінен Азия елдері қазақтарының кіші құрылтайына қатысу туралы шақырту алған сәтте алдымен таңырқағаным рас. Өйткені бұл жерде мемлекеттік маңызы бар шарада ұлттық құндылықтарымыз жайында баяндама жасауға ұсыныс түсті.

Ұлтымыздың дәстүрлі өнерін дәріптеп, халық әндерін эстрадамен ұштастырып, қазақ қызының қос бұрымындай болған өнерім мен өмірім арқылы ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді дәріптеп жүрген өнер адамы ретінде таңдау маған түскен екен.

Осылай, Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен сол елдегі қазақ қауымдастығы және Отандастар Қоры ұйымдастырған шараға шақыртуды қабыл алып, үлкен жауапкершілік алып отырған жайымыз бар. Азия елдеріндегі отандастарымыздың басын қосатын бизнес-форумда мен қазақтың салт-дәстүрін сақтанып жүрген және қазіргі заманға сай атқарып жүрген адам ретінде, ұлттық құндылықтарымыз туралы білгенімізді баяндаймын. Бұл мен үшін тың бастама, жаңа қадам болмақ», - деді Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады