«1 жыл да өтпеді»: Түрмелерді кезген журналистер Бишімбаевты таба алмады (ВИДЕО)

11.11.2024, 10:51
1635
«1 жыл да өтпеді»: Түрмелерді кезген журналистер Бишімбаевты таба алмады (ВИДЕО) Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде сотталған экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевтың абақтыдан қашып кеткені туралы ақпарат тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, AIRAN журналистері Қуандық Бишімбаев отырған түрмеге барған.

Тілшілер Аршалы ауылындағы колонияда сұхбат пен түсірілім жүргізуге бірнеше өтініш жібергендерін, бірақ әр жолы түрме әкімшілігі түсірілімнен бас тартқан. Бұл жерге өз еркімен келген олар мекеме бастығы «Бишімбаевты мұнда ешкім ешқашан көрмегенін» айтқан. Тілшілер тағы бірнеше колонияға барса да, сотталған Бишімбаевты ол жерлерден таба алмай қойған.

Бишімбаевтың адвокаты журналистерге сотталушының түрмеде жоқтығын растаған. Айта кету керек, құқық қорғау органдары Қуандықтың қай колонияда отырғаны туралы деректерді 2024 жылдың шілдесінде жариялауды тоқтатқан.

Желіде қылмыскер шетелге қашып кеткен болуы мүмкін деген болжам пайда болды. Көпшілік «Бишімбаев өзіне еркіндік сатып алды» деп болжап отыр.

Тиісінше, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Бишімбаев абақтыдан қашып кетті» деген ақпаратқа ресми жауап берді. 

«Әлеуметтік желілерде сотталған Қ. Бишімбаевтың қашқаны туралы жалған ақпарат таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат қауіпсіздігі ең жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.

Осы орайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті азаматтарды жалған ақпараттарды таратпауға және тек ресми деректерге сенуге шақырады. 

«Осы іске қатысты жалған ақпаратты тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз», - деп ескертті комитеттен. 

Еске салайық, елорда соты бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды