83 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр

11.11.2024, 13:20
636
83 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр жеке мұрағатынан

Іздеуге полициялар, құтқарушылар мен бүкіл ауыл тұрғындары жұмылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында 83 жастағы ер адам түнде үйінен шығып кетіп, екі тәуліктен бері табылмай жатыр. Зейнеткерді іздеуге полиция, құтқарушылар, ауыл тұрғындары жұмылдырылды. 

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Есіл ауданы Бірлік ауылының тұрғыны 10 қараша күні түнгі сағат 2.00 мен 6.00 аралығында үйден шығып кеткен. Туыстары өздігінен іздеп, таба алмағандықтан полицияның көмегіне жүгінді.

СҚО-да 83 жастағы ауыл тұрғыны екі тәуліктен бері табылмай жатыр
Фото: СҚО ТЖД

«Кеше таңертеңнен бері іздеп жатырмыз. 20 шақты полиция қызметкері жұмылдырылды. Бұдан бөлек төтенше жағдайлар департаментінің мамандары іздестіріп жатыр. Тұрғындар да көмекке келді. Ұшқышсыз ұшатын аппарат, техника қолданылып жатыр. Ауа райының қолайсыздығы іздеу операциясын қиындатты. Өңірде бірнеше күннен бері боран, ізді жауып тастады. Кеше көктайғақ болды», - дейді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбек Баекин. 

СҚО-да 83 жастағы ауыл тұрғыны екі тәуліктен бері табылмай жатыр
Фото: СҚО ТЖД

Маманның айтуынша, қазіргі уақытта адасқан адам тоқтауыцц мүмкін мал қамайтын орындар, даладағы бақташылардың қосындары, отын дайыфндайтын орындар тексеріліп жатыр. Бұдан бөлек бақташылар, орманшылар, фермерлік шаруашылықтар ескертілді. 

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді