983

Сенесіз бе: Елімізде орташа жалақы 11 пайызға өсті

Жасыратыны жоқ, еліміздің көптеген тұрғыны орташа жалақы мөлшерін естігенде миығынан күледі. «Бастықтардың жалақысы ғой» деп жатады.

Сенесіз бе: Елімізде орташа жалақы 11 пайызға өсті
көрнекі фотосурет / NUR.KZ / Владимир Третьяков

Не десек те, биыл III тоқсанда еліміз бойынша айлық жалақының орташа мөлшері 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,3%-ға өсіп, 390328 теңгені құраған.

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың III тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Шымкент қаласында – 16,1%-ға, Алматы қаласында – 15,2%-ға, Абай және Ақтөбе облыстарында – 14,2%-ға, Қостанай облысында – 14,0%-ды құрады.

«2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыста – 28,1 есе, қаржы және сақтандыру қызметі – 24,3%-ға, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 18,7%-ға, өнер, ойын-сауық және демалыс – 18,0%-ға, салаларында байқалды.

Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 13,8%-ға өсті, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында – 20,6%-ға, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында – 18,3%-ға.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,9%-ға, құрылыс– 5,3%-ға салаларында байқалды», - делінген Ұлттық статистикалық бюро хабарламасында. 

Материал авторы