Еңлік Сатжан: Маркетинг тек пост жазу емес, бұл — стратегия

11.11.2024, 17:58
588
Еңлік Сатжан: Маркетинг тек пост жазу емес, бұл — стратегия Бақтылова Қарақат

«Add Padel» спорттық кешенінің маркетологы ретінде жұмыс істеп, Қазақстанда жаңадан танылып келе жатқан Padel спортын дамытуға үлес қосқан Еңлік Сатжан маркетингке қатысты кең таралған мифтерді жоққа шығарып, оның заманауи қырлары мен шынайы мәні жайында бізбен сұқбаттасқан болатынбыз.

Қайырлы күн! Сұқбатымызға қош келдіңіз. Еңлік ханым, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.  

Қайырлы күн, Қарақат ханым. Шақырғаныңызға көп рақмет. Мен Қазақ ұлттық өнер университетінде Театр, кино және ТВ факультетінде оқыдым. Кино саласы мен үшін ауыр болғандықтан, шығармашылық бағытты таңдадым. Карантин кезінде маркетинг пен СММ саласы қарқынды дами бастады, сол кезде бұл саланың өзіме жақын екенін түсініп, осы бағытта өзімді сынап көруге бел будым. Алғашқы қадамдарым SMM-нің негіздерін үйренуден басталды, әрі қарай нақты тәжірибеде шыңдалып, бірнеше жобалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Қазіргі таңда мен «Add Padel» спорттық кешенінің фрилансер маркетолог қызметіндемін. Жақында Lady on Top журналына шықтым. Енді өз мақсатым — осы салада ірі жетістіктерге жетіп, өзгелерге де шабыт беру.

Жақсы. Қазіргі СММ-дегі ең үлкен мифті жойып, маркетингке қатысты бір шынайы ақиқатты айтып бересіз бе?

— Бұрындары маркетингте стереотиптік көзқарас көп болатын, әсіресе, теледидар мен жарнамада көбінесе арық қыздар көрсетілетін. Олардың образы клиенттерге тартымды әрі «стандарт» сияқты көрінді, сондықтан мұндай тәсіл маркетингтің табысты құралы деп есептелді. Ал қазір заман өзгеріп, адамдардың талаптары әртүрлі болып кетті. Қыздарға арналған тауарлар енді жас ерекшелігі, мамандығы, өлшемі бойынша бөлініп, әрбір адамға лайықталған ұсыныстар жасалып жатыр. Ең үлкен өзгеріс — қазір адамдар өздеріне ыңғайлы, өздеріне ұнайтын заттарды таңдауға еркіндік алады. Бұрынғы мифтер мен стереотиптерге қарағанда, қазір әр клиент өзіндік бірегейлікті бағалайды, ал маркетинг осы сұранысты қанағаттандыруға бағытталады.

— Егер сізге тек үш сөзбен өзіңіздің маркетингтік философияңызды сипаттау қажет болса, қандай сөздерді таңдар едіңіз?

— Біріншіден, құндылық. Өкінішке қарай, қазір көптеген кәсіпкерлер тек ақшаны ойлап, бизнес бастайды. Бірақ бұл ұзаққа бармайды. Құндылығы жоғары компаниялар клиенттермен ұзақ әрі тұрақты қарым-қатынас орнатады. Мысалы, соңғы кездері Қазақстанда қазақи нақышты дәріптейтін «Tary» немесе «Sandyq» сияқты брендтерді алайық. Екіншіден, өнімнің ерекшелігі. Тіпті кішкентай болса да, клиентке қуаныш сыйлайтын ерекше өнім компанияңды өзгелерден ерекшелейді. Үшіншіден, қаптама. Кейбіреулер үшін бұл — Instagram парақшасының әдемілігі, ал кейбіреулер үшін тауармен бірге кішкентай сыйлық ұсыну арқылы клиенттің көңілін табу.

Сурет: сұхбат барысында

Көптеген адамдар СММ-ді тек пост жазумен шектейді. Осы пікірдің қате екенін қалай түсіндіресіз? СММ-дің шынайы мағынасы қандай?

— Келісемін, қазіргі таңда нарықта СММ, маркетолог, мобилограф немесе контент мейкер сияқты мамандықтар біршама артып келеді. Алайда, СММ тек инстаграмға пост салып отырумен шектелмейді. Маркетолог та, СММ де міндетті түрде анализ жасай білуі керек және мақсатты аудиториясын жинап, өз өнімін қалай өтімді етемін деп жұмыс жасауы керек. Сонымен қатар, клиенттермен брифинг өткізу де СММ міндеті болып есептеледі. Маркетингке байланысты жоспар мен стратегия құрып қана қоймай, әлеуметтік желіде белсенділік таныту да осы СММ атқаратын қызмет дегім келеді.

— Дұрыс айтасыз. Фотограф ретінде маркетингке деген көзқарасыңызды қалай байытасыз? Бұл екі саланы қалай біріктіресіз?

— Менің ойымша маркетингті таңдаған адам шығармашылыққа жақын болуы керек. Менде бұл қабілет университетке түскеннен кейін пайда болды. Бізге сыртта адамдардың не істеп жатқанын суретке түсіріп, сценарий жазу сияқты тапсырмалар беретін. Осындай практиканың арқасында мен қазір маркетологпен қатар фотографпын. Екеуі бір-біріне жақын болғандықтан, екеуін байланыстыру мен үшін оңай.

— Керемет. 200-ден астам оқушыны оқыту барысында қандай жетістіктерге жеттіңіз және қандай қиындықтармен бетпе-бет келдіңіз?

СММ курсын оқып бітірген соң, мен Арман Юсуповтың курсына қатысқан болатынмын. Ол сол кездері осы салада өте танымал еді. Керемет көрсеткіштер көрсетіп, үздік тәлімгер атандым. Сол арқылы мен өзіме 200-ден астам оқушылар алып оқыттым, қазір олардың тұрақты табысы бар. Оқушыларым үздік нәтиже көрсетіп, айдың соңында есептегенде 15-20 миллион жинап, 3-орынға ие болдық. Одан кейін 1-орынды иелендім. Осылайша, менің оқушыларым да мен сияқты өз саласын тапты. Қиындықтарға келсек, қазір жастар соңына дейін бармайды, тастап кетеді. Кейде тіпті адамдар 1 айда миллионер атанғысы келеді. Оңай жерде ақша жоқ, сол себепті оқушыларыма да әлі күнге дейін тек оқу арқылы және шыдамдықпен ғана табысқа жетуге болатынын түсіндіріп келемін.

— Дұрыс айтасыз. Әлеуметтік желілердің дамуы маркетингтің өрлеуіне қандай әсер етті? Осы жаңа платформалар, мысалы, Instagram мен таргет, қалайша тиімді құралға айналды?

— Қазір ақпарат заманы болғандықтан, әлеуметтік желінің дамуы маркетингке жақсы әсер етеді. Мен оған қуанбасам, қарсы емеспін. Қазір нарықта кәсіпкерлер көп бизнес ашып жатыр, сәйкесінше бәсекелестік те артады. Клиенттер көп болу үшін де таргетпен айналысып жатқандар көп. «Ұят болады» деген көзқарасты жойып, алға қарай ұмтылу керек. Жеке бизнес деп жатамыз ғой, әр адамның жеке бизнесі бар, біз соны алға дамыту керекпіз

Әлеуметтік желілердегі трендтерді қадағалау қаншалықты маңызды, және оларды өз брендіңізге қалай тиімді қолдануға болады?

— Шыны керек, тренд қайда барса, біз де сол жаққа барамыз. Заманға сай болу біз үшін өте маңызды. Жақында ғана АҚШ-тк президент сайлауы болды. Дональд Трамп және Камала Харрис үшін дауыс беру туралы ақпарат әлеуметтік желіге таралды. Осыған байланысты көптеген контент видеолар түсіріліп, танымал болып жатыр, тиімді деп осындай тұсты көрсетуге болады. Ал, біз үшін алдағы контент - жаңа жыл. Осы мерекеге арнап алда көптеген тренд түсіру ойда бар.

— «Add Padel» спорттық кешенін 0-ден бастап көтеру неден басталды? Өзіңіздің тәжірибеңізбен бөлісе кетсеңіз.  

Жалпы, Padel — қазіргі таңда Еуропада өте танымал спорт түрі. Қазақстанда алғаш рет Астана мен Алматы қалаларында 2022 жылдың шілдесінде ашылды. Оның негізін қалаған директор — Арслан Даниярович Әбілғазин. Padel үлкен тенниске өте ұқсайды, тек айырмашылығы — ойынға 4 адам қатысады. Бұл спорттың болашағы зор: олимпиада қатарына ену жоспарланған. 2028 жылғы олимпиадада бола ма, білмеймін, бірақ 2032 жылы кіруі әбден мүмкін. Осы мақсатта қазір жақсы ойыншыларды іріктеп жатырмыз. Мен спорт ашылған сәттен бастап бірге жұмыс істеп келемін, сондықтан әрбір сәт мен үшін маңызды. Қазір басқа салада жұмыс істеу ойда жоқ. Padel-ді танымал адамдар да ойнайды — мысалы, Иванка Трамп, Месси, Криштиану Роналду. Ендігі мақсатымыз — бұл спортты Қазақстанда одан әрі дамыту. Ең бастысы, уақытты тиімді әрі пайдалы өткізу.

— Жақсы, уақыт бөліп сұқбаттасқаныңыз үшін көп рақмет, Еңлік ханым! Сәттілік сізге.

 

АВТОР: БАҚТЫЛОВА ҚАРАҚАТ

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады