«Отпускке жібермеді»: жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстасының үйін өртеп кетті

11.11.2024, 19:57
1235
«Отпускке жібермеді»: жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстасының үйін өртеп кетті коллаж smartnews.kz

Әріптесінің үйін өртегені үшін сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе қаласында жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі әріптесінің пәтеріне барып, от қойып кеткен. Себебін еңбек демалысына шыға алмағанымен түсіндірді.

Аталған іс сотқа дейін жеткен. Жедел жәрдем жүргізушісіне қасақана от қойғаны үшін Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша айып тағылған. 

Атап айтқанда, бұл оқиға биыл жазда болған. Шілде айында сотталушы жұмыс кезінде әріптесімен ұрысып қалған. Нақтыласақ, кезекті еңбек демалысын бермегені үшін жанжалдасады.

«Сотталушы пәтердің қосымша кілті бар екені есіне түсіп, жәбірленушінің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiрмек болады. Оның үйіне таксимен барып, өзінде болған қосымша кілтпен ашып кіріп, пәтер ішін аралайды. Кейін жатын бөлме есігінде ілініп тұрған шалбарды жағып кетеді. Оттықты ол ала барған.

Сотталушы тағылған айып бойынша кінәсін толық мойындады. Сот үкімімен соттаушы кінәлі деп танылып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Жәбірленушінің талап арызы шығынның өтелуіне байланысты қанағаттандырылмады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деп хабарлады Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды