1141

Катонқарағайдың баурайында сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)

Ұлттық паркті мекендеген барысты көру – сирек кездесетін жағдай.

Катонқарағайдың баурайында сирек кездесетін қар барысы видеоға түсіп қалды (ВИДЕО)
ohotniki.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды. Бұл хабарды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жеткізді.

«Сирек кездесетін жыртқышты Аршаты орманшылығында орнатылған фототұзаққа түсіріп алған. Бұл жануар түрі күш пен еркіндіктің символы — парктің нағыз мақтанышы.

Әрбір осындай кадр Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің жануарларды қорғаудағы маңыздылығын еске салады», - делінген министрлік хабарламасында.

Материал авторы