«Қазақ болсам да, Ресейді құрметтеймін…»: жарыстарға Ресей атынан қатысып жүрген чемпион қазақ қызы мәлімдеме жасады

12.11.2024, 13:19
1600
«Қазақ болсам да, Ресейді құрметтеймін…»: жарыстарға Ресей атынан қатысып жүрген чемпион қазақ қызы мәлімдеме жасады mdms.omskportal.ru

Салтанат Меденова – Ресейдің үш дүркін чемпионы.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде бокстан әйелдер арасында ел чемпионаты аяқталды. 81 келіге дейінгі салмақта этникалық қазақ қызы Салтанат Меденова үздік шықты.

23 жастағы Меденова үшін бұл карьерасындағы үшінші алтыны. Бұған дейін Салтанат 2021 және 2023 жылдары Ресей чемпионы атанған.
Омбылық бойжеткен финалда Краснодардан шыққан әлем чемпионы Анастасия Демурчянды жеңді.

«Психологиялық тұрғыда аздап қиын болды, бірақ шаршы алаңға шыққан соң жеңілдеп қалдым. Бапкерлердің қолдауы ерекше күш берді, сондықтан нәтиже туралы ойланбай, сенімді бокстастым», - дейді Салтанат.

Сонымен қатар ол ресейлік спортшылар жуық арада халықаралық аренаға оралады деген сенім білдірді.

«Өзім қазақ қызы болсам да, Ресейді құрметтеймін, себебі Ресейдің Омбы қаласында туып-өстім. Мен үшін елдің абыройын қорғау, әнұранын шырқату үлкен құрмет. Бұл менің арманым. Әнұранымызды қатардағы турнирлерде ғана емес, әлем, Еуропа чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында естісем деймін», - деді Салтанат Меденова.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды