«Трамптың Ақ үйге оралуы – трагедия»: танымал актер Том Хэнкс Трамп үшін Америкадан кетіп қалды

12.11.2024, 13:48
779
«Трамптың Ақ үйге оралуы – трагедия»: танымал актер Том Хэнкс Трамп үшін Америкадан кетіп қалды ua.depositphotos.com

Ол туған елінен кетер алдын қоштасу хатын қалдырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атақты Хәллиуд актері Том Хэнкс республикашыл Дональд Трамптың президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты АҚШ-тан кетіп қалды. Бұл туралы Kazinform жазды.

The Direct басылымының дерегінше, аталған хабарлы актер өзінің қоштасу хатында жазған.

– Мен ауыр жүрекпен және одан да ауыр чемоданмен хабарлаймын: мен елден ресми түрде кеттім, – деп жазған актер.

Хэнкстің айтуынша, Трамптың Ақ үйге оралуы актер үшін трагедия.

– Сайлау нәтижелерін көргенде мен өз-өзіме: «Жүгір, Форрест, жүгір!» дедім. Мен дәл солай істедім, – деп қосты ол өзі басты рөлді сомдаған фильмдегі Форрест Гампты меңзеп.

Актер жанкүйерлерін АҚШ-тан біржола кетті деп ойламауға шақырып, Трамптың президенттік мерзімі аяқталған соң елге оралуы мүмкін екенін айтты.

Анықтама үшін, Томас Джеффри Хэнкс – американдық театр, кино, теледидар актері, продюсер, кинорежиссер, сценарист және жазушы.

Хэнкс өзінің актерлік мансабын теледидарлық және комедиялық фильмдердегі рөлдерден бастады. Ол «Филадельфия» (1993) және «Форрест Гамп» (1994) фильмдеріндегі басты рөлдері үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша Оскар сыйлығын жеңіп алған.

Айта кетейік, Дональд Трамптың жеңісінен кейін Леди Гага, Барбара Стрейзанд, Тейлор Свифт, Майли Сайрус, Карди Би, Пинк және т.б. Хәллиуд жұлдыздары елден көшу туралы ойланып жатқандарын жеткізген еді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады