1917

«Екеуі бірге арақ ішкен»: Кешкі ас кезінде әріптесін пышақтаған ұлытаулық азамат сотталып кетті

Кешкі астағы жанжал өліммен аяқталды.

«Екеуі бірге арақ ішкен»: Кешкі ас кезінде әріптесін пышақтаған ұлытаулық азамат сотталып кетті
iStock

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, сотталушы әріптесінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. Қылмыс кешкі ас кезінде болған. 

Соттың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Ұлытау аудандық сотында Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 106 бабы 1-бөлігімен айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сот мәліметінше, Ұлытау ауданы Қоскөл ауылдық округіне қарасты Көктал қыстағында орналасқан тұрғын үйде жергілікті ЖШС-нің екі жұмыскері шаруа қожалық иесімен бірге кешкі ас кезінде арақ ішкен. Кейін, шамамен сағат 23.30-да әріптестер сөзге келіп, өзара түсінспеушілік жанжалға ұласқан. Бір-біріне дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтуға дейін барған. 

Кикілжің барысында бірі екіншісін қабырғаға қарай итеріп жіберген. Ашуланған айыпталушы әріптесінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, оның ішіне пышақ сұққан, - делінген сот хабарламасында. 

Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ер адам жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесіне өтеуге жіберіліп, бірден сот залында қамауға алынды.

Материал авторы