«Тура некесін қиған күні өлтірді»: Көкшетаудағы ойын-сауық орталығында қаскөйлер 22 жастағы жігітті өлтіріп кетті (ВИДЕО)

13.11.2024, 09:43
1288
«Тура некесін қиған күні өлтірді»: Көкшетаудағы ойын-сауық орталығында қаскөйлер 22 жастағы жігітті өлтіріп кетті (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алты адамға қатысты тергеу басталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Кеше түнде Көкшетауда ойын-сауық орындарының бірінде кісі өлімі болған. 22 жастағы жәбірленуші жігіттің трагедиясы туралы туыстары sinegor.kz басылымына айтып берген. Олар кінәлілерге әділ жаза сұрайды.

Туыстарының айтуынша, бәрі жас жігіттің неке қиған күнінде болған.

“Небәрі 22 жаста болған жас жігіт үйлену тойы күні көз жұмған. Полицейлер бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, тергеу барысы басшылықтың бақылауында екенін түсіндірді.

Туыстары өз кезегінде қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі мүмкін деп қорқады. Ақмола облысының әкімі бұл істі өз бақылауына алғанын қалаймыз”, – делінген желіде тараған ақпаратта.

Жас жігіттің өлімі туралы хабарды жеткізген оның туыстары журналистерге марқұмның соңғы бейнелерінің бірін ұсынды.

Қылмыс туралы Ақмола облысы полиция департаменті түсініктеме берді. Қазір жігіттің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"12 қарашада Көкшетау ойын-сауық орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғыны өлі табылды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК Адам өлтiру 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізеді. Күдікті дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, ұсталды. Алты адамға қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы, 2-бөлігі ("бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Біз аталған фактілер бойынша мұқият және объективті тергеу жүргізілетініне сендіреміз. Тергеу барысы басшылықтың бақылауында", - деді аймақ полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақтияр Өтекин.

Сол себепті оқиғаның нақты қай ойын-сауық орталығында болғаны әзірге белгісіз.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды