«Өзіне ұнамайтын ойыншылардың тізімін жасап жатыр»: «Бешикташ» бапкері Зайнутдиновты клубтан шығаруы мүмкін

13.11.2024, 10:04
602
«Өзіне ұнамайтын ойыншылардың тізімін жасап жатыр»: «Бешикташ» бапкері Зайнутдиновты клубтан шығаруы мүмкін instagram.com/besiktas

Соңғы кезде алаңға сирек шығатын Зайнутдиновтың клубтан кететіні жазда да айтылған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын Түркияның «Бешикташ» клубы соңғы көрсеткіштері көңіл көншітпей жүр.

Түркиялық БАҚ дерегінше, клуб бапкері Джованни ван Бронкхорст өзіне ұнамайтын ойыншылардың тізімін жасап, оны басшылыққа бергелі жатыр деген ақпараттар пайда болды. Мұндай хабарды жеткізгендердің бірі түркиялық Sözcü басылымы.

Бапкердің «дизлайк» тізіміне Бақтиер Зайнутдиновтен бөлек, легионерлерден камерундық Жан Онана пен аустриялық Джан Келеш, сондай-ақ жергілікті ойыншы түрік Онур Булут кіреді деген болжам пайда болған. Бұлардың бәрі ойын кезінде алаңға сирек шығатын футболшылар көрінеді.

«Ван Бронкхорсттың есебіне сәйкес, клуб басшылығы бұл футболшылармен қош айтысу туралы шешім қабылдайды. Осыдан соң «Бешикташ» басшылығы құрамды күшейту үшін жаңа трансферге мән бере бастайды», — деп жазды БАҚ.

Еске салайық, Бақтиер Зайнутдиновтың стамбұлдық клубтан кететіні туралы биыл жазда айтылды. Тіпті, оны ресейлік ЦСКА немесе «Зенит» сатып алатыны да сырттай шешілген.

Алайда, қазақстандық футболшы қандай жағдай болмасын, Ресейге бармайтынын мәлімдеді. Артынша оның «Бешикташ» сапында мансабын жалғастыратыны белгілі болған еді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды