Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы кім?
Бұрындары қазақстандық спортсүйер қауым Головкиннің жекпе-жектерін асыға күтіп жүретін. Қазір UFC-де әлемге танылған аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кездесуін тағатсыздана күтетін болды.
Отандасымыз кезекті кездесуін жартылай орта салмақта (77 келіге дейін) UFC чемпионы титулының бұрынғы иегері нигериялық Камару Усманға қарсы өткізеді.
Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) 8 желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінде ұйымдастарылады.
UFC 310 турнирінде Шавкат орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда америкалық-палестиналық жекпе-жек шебері денсаулығына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды. Осыған байланысты көптеген жекпе-жек шеберлері, соны ішінде Камару Усман да қазақ спортшысымен күш сынасуға дайын екенін мәлімдеді.
Материал авторы