«Өз айлықтарын жасанды түрде көтерген»: Атыраулық жалған дипломмен жұмыс істеп келген 30 жаттықтырушы ұсталды

13.11.2024, 10:55
658
«Өз айлықтарын жасанды түрде көтерген»: Атыраулық жалған дипломмен жұмыс істеп келген 30 жаттықтырушы ұсталды коллаж smartnews.kz

Басшылықтағы атыраулық дәрігерлер де коррупция жасаудан қалыспайды. Емхана басшысы өзінің оқуына төлеуі керек 2,1 млн теңгесін «жасанды жалақы» арқылы алып отырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында спорт саласында 900 миллион теңгеден астам қаржылық заң бұзу фактілері анықталған. Сондай-ақ 30 жаттықтырушы жалған дипломмен жұмыс істеген. Мұндай мәліметтерді Атыраудағы Антикор басшысы Ерұлан Серікқалиев айтты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысына қарасты департамент дерегінше , дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында коррупцияға байланысты бірқатар сараптама жасалған.

«Сараптама қорытындысы бойынша 900 миллион теңгеден астам қаржы бұзушылықтары анықталып, бір қылмыстық іс қозғалды. 4 миллион теңге бюджетке қайтарылды. Жалған дипломмен жұмысқа орналасқан 30 жаттықтырушы қызметінен босатылды.

Жеке тұлғаға негізсіз берілген Мұз сарайының ғимараты коммуналдық меншікке қайтарылды. Сондай-ақ сенімгерлік басқару шарттарына сәйкес міндеттемелері орындалмаған басқа спорт нысандарын коммуналдық меншікке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Ерұлан Серікқалиев.

Сонымен қатар медициналық мекеме басшылары мен бас есепшілер жалақыларын жасанды түрде көтерген.

«Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында медициналық мекеме басшыларының еңбекақы төлеу қаражатын оқу ақысын төлеуге пайдалану жағдайлары анықталды.

Мысалы, №5 емхана директоры «Есіл» университетінде оқуға 2,1 миллион теңге, Геолог ауылындағы емхана директоры 2,6 миллион теңге, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры 3,2 миллион теңге, Мақат аудандық ауруханасының директоры – 2,6 млн теңге, №3 емхана директоры – 2 млн теңге.

Бұл қаражаттың барлығы бюджетке қайтарылды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)