Мектептің тамағы да, дәрісі де улы ма?

13.11.2024, 11:34
549
Мектептің тамағы да, дәрісі де улы ма? rg.ru

Мектеп асханасынан уланып қалған оқушылар жайлы жиі еститін болдық. Ол аздай, мектепте медбике берген дәріден уланып қалған оқушы жайлы ақпарат тарады. Қазіргі уақытта дәрігерге қатысты тергеу басталған.

Оқиға Астана қаласындағы №27 гимназия мектебінде болған. Анасының айтуынша, оның қызы мектептен қайтып келе жатқанда есік алдына құлап қалған. Алғашында баланы көшеде біреу ұрып-соққан деп ойлаған, бірақ қызы өзін жайсыз сезіне бастағаннан кейін жедел жәрдем шақырып, оның антибиотиктерден уланғанын білген.

«Дәрі қабылдау үшін мектеп мейірбикесі қызымды шақырып алған. Үйде оңайлықпен дәрі ішуге келісе қоймайтын қызыма медицина қызметкері бірден сегіз түйір дәріні мәжбүрлеп ішкізген», дейді қыздың анасы Ақтамақ Аппас.

Бала есін жиған кезде ата-ана 27-ші гимназия мектебінің басшылығынан түсініктеме алуға тырысқан. Бірақ анасының айтуынша, ол директордың қабылдауына кіре алмаған. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаны зерттеп жатыр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, аумақтық комитет қызметтік тексеру жариялады.

Оқушы қызға дәрі берген медицина қызметкері оқу орнының өзінде емес, қалалық емханалардың бірінде жұмыс істейді. Антибиотикпен емдеуді фтизиатр дәрігер тағайындаған, себебі қыз бір жылдай бұрын туберкулезбен ауыратын сыныптасымен байланыста болған.

Бүгінде қыздың анасы прокуратураға арыз жолдап үлгерген.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)