Тағы қарыз аламыз: 15 жылда қайтару керек

13.11.2024, 12:44
966
Тағы қарыз аламыз: 15 жылда қайтару керек SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Бұған дейін сыртқы қарызымыз аз емес екенін жазған болатынбыз. Қарыз алмай, шаруаны тындыру мүмкін емес сияқты.

Олай дейтініміз, Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы және «Қазақстан мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы келіп түсті. Осы екі құжат бойынша жалпы қарыз көлемі 105 млрд йенді құрап отыр.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Татьяна Савельеваның айтуынша, бірінші заң жобасы 2024 жылғы 23 қазанда Парламент Мәжілісіне Үкіметтің қаулысымен енгізілді.

«Қарыз туралы келісімге 2024 жылғы 21 тамызда Астана қаласында қол қойылды. Азия Даму Банкі қарызы Қазақстанға 52,3 млрд йен сомасында ұсынылады. Қарызды жабу мерзімі 15 жылға есептелген, оның ішінде жеңілдікті кезең 2027 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Қарыз қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген көлемі шегінде ел экономикасының тұрақтылығын қолдау үшін тартылады. Сондықтан Қаржы және бюджет комитеті бұл заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.

Ал екінші құжат та 2023 жылғы 23 қазанда Парламент Мәжілісіне Үкіметтің қаулысымен енгізілді. Қарыз туралы келісімге 2024 жылғы 21 тамызда Астанада қол қойылды.

«Бұл тұрғыда Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің қарызы Қазақстанға 52,7 млрд йен сомасында беріледі. Оны өтеу мерзімі 15 жылға жалғасады. Атап айтқанда, бұл қаражат жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының тиісті көлемі аясында экономика тұрақтылығын қолдау үшін тартылады», - деді Татьяна Савельева.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады