«Тоқаев емделіп кел деп, маған көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дертпен күрескен сәтін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
13.11.2024, 15:48
1021
«Тоқаев емделіп кел деп, маған көп ақша берді»: Жүрсін Ерман ауыр дертпен күрескен сәтін есіне алды жеке мұрағатынан

Жүрсін Ерман президент берген ақшамен емделу үшін Швейцарияға барғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін есіне алды.

Ақынның сөзінше, дерттен айығуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмектескен. Президенттің өзіне жасаған жақсылығын "1001 түн" бағдарламасында айтты.

«Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керегін айтты. «Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың» деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты», – деп әңгімесін бастады ақын.

Отандық дәрігерлер өмірінің екі-үш күні ғана қалды деп ауруханадан шығарып та жіберген.

«Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев «барып емделіп кел» деп көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен білемін. Риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді», – деп жан сырын ақтарды ақын.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады