Қазақстандықтарды ренжітіп алған Рыбакина әлі де бай теннисшілердің қатарында
Сырқатына байланысты Париж Олимпиадасына қатыса алмаған Рыбакина отандастарын өкпелетіп алған-ды. Үлкен жарыстардан да қалыс қалды. Десе де, еліміздің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина 2024 жылы әлемдегі табысты ең көп тапқан он теннисшінің қатарына кіріп отыр.
Ресейлік Forbes басылымының мәліметінше, 25 жастағы қазақстандық теннисшінің қалтасына биыл 3 млн 876,915 мың АҚШ доллары түскен.
Жоғарыда жазғанымыздай, Рыбакина түрлі себептермен сегіз рет жарыстарға қатысудан бас тартты, бапкері Стефано Вуковпен қош айтысты. Десе де, кейбір турнирлерден олжалы оралғаны бар.
Жалпы, Рыбакина спорттық мансабында 15,7 млн астам доллар көлемінде табыс тапқан.
Материал авторы