1799

«Осы кісілердің рухына арнаймын»: Дариға Бадықова миллиард теңге жинаған фильмді кімдерге арнап түсіргенін айтты (ФОТО)

«Рухтары көкте шалқысын!» деп еске алды ол.

«Осы кісілердің рухына арнаймын»: Дариға Бадықова миллиард теңге жинаған фильмді кімдерге арнап түсіргенін айтты (ФОТО)
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса Дариға Бадықова өзі түсірген алғашқы «Таптым-ау сені» фильмін кімге арналғанын айтты.

Продюсерлікке кіріскен Бадықова фильмнің екінші бөлімі шығатынын да еске сала кетті.

«Мен «Таптым-ау сені» фильмін іштей ниет етіп, Әкемнің ұстазымның, рухына арнағанмын! Себебі кіммен шыққаным, кімнен өнерден көп дүние үйренгенім, белгілі.

Әкем мен Ұстазымның жатқан жерлері жайлы болсын. Рухтары көкте шалқысын!

«Таптым-ау сені-2» де осы кісілердің рухына арналады!», - деді ол.

Еске сала кетсек, Дариға Бадықованың әкесі 2017 жылы өмірден өткен. Ал актрисаның ұстазы - Болат Атабаев 2021 жылы дертке шалдығып, бақиға аттанған еді.

«Таптым-ау сені» фильмі былтыр жарық көрген еді. Бадықова 108 млн теңгеге түсірдім деген фильм көп өтпей прокаттан миллиард теңге жинап үлгерген хит туындыға айналған. Жақын күндері фильмнің жалғасы жарық көрмек.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор