Күзетші ұйықтаған кезде қамауда отырған қызылордалық әйел түрмеден қашып кеткен

13.11.2024, 18:51
665
Күзетші ұйықтаған кезде қамауда отырған қызылордалық әйел түрмеден қашып кеткен depositphotos

Тергеліп жатқан әйел таңда төсек-орнын байлап терезеден қашып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жоғарғы соттың дерегінше, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аға сержанты қамаудағы әйелді күзету бойынша жұмысын қабылдап, аурухана бөлмесінің дәлізінде отырған. Ал күдікті әйелмен бір бөлмеде инспектор-психолог, әділет лейтенанты болған.

"Таңғы сағат 04:00 шамасында тергеу үшін қамауға алынған әйел оны күзетіп тұрған әділет лейтенантының ұйықтап кеткенін пайдаланып, қашып кеткен. Ол төсектің екі жаймасын жылыту батареясына байлап, терезе арқылы қашқан. Кейіннен әйел ұсталып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне қамалды", – делінген Жоғарғы сот хабарламасында.

Алайда қызметтік тәртіпті өрескел бұзғаны үшін есіктің сыртында болған аға сержант жұмыстан қуылған. Бұл шешімге келіспеген ол сотқа жүгінді. 

Жергілікті сот жұмыстан заңды түрде босағанын айтып, өтінішін қабылдамаған. Жоғарғы сот бұл шешімді өзгертті. Жоғарғы Сот аталған жайт онымен еңбек шартын бұзуға негіз бола алмайтынын мәлімдеп, аға сержантты өз жұмысында қалдырды.

«4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды Үш әйел әуежайда жыныс мүшесіне алты келі алтын жасырып өтпек болған Қарағандылық тұрғын Facebook-тегі пікірі үшін 200 мың теңге төледі Тыңғылықпен айналысқан швециялық «шпион» шағала ұсталды "Сөйлесіп қойғанмын": Соттағы күмәнді диалогты прокуратура тексеретін болды Павлодарда дәрігер сүндеттеу кезінде балаға ауыр дене жарақатын салған Қазақстандық ғалымдардың стартабы Оксфорд зерттеуіне ілікті Оқушының арқасына үшкір зат тыққан мұғалім кінәсіз деп танылды «Мен атқан жоқпын»: Марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың куәлік берген видеосы қаралды Сәтбаев қаласында подъезде ер адам қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Трамп Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды «Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады