Батырлар арамызда: Ұлттық ұлан әскери қызметшісі адам өмірін құтқарғаны үшін медальмен марапатталды

14.11.2024, 09:12
452
Батырлар арамызда: Ұлттық ұлан әскери қызметшісі адам өмірін құтқарғаны үшін медальмен марапатталды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әлішер Асылбеков – суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы 5514 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Әлішер Асылбеков Ішкі істер министрінің атынан жоғары награда — "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен марапатталды. Саптық алаңда марапатты әскери бөлім командирі полковник Әмір Мансұров батырға салтанатты жағдайда табыс етті. 

Бұл медаль — Әлішердің жазда жасаған батыл әрекетінің бағасы. 9 маусым күні сағат 22:45 шамасында қалалық жағажайда серуендеп жүрген ефрейтор Асылбеков суға батып бара жатқан әйелді байқап қалады. Ойланбастан, дереу көмекке жүгіреді. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырып жатқанда, әскери қызметші жеңіл-желпі шешініп, суға секіреді де, азаматша батып бара жатқан жерге жылдам жүзіп жетеді. Әлі кетпей тұрғанда, әйелді бірден жағаға шығарып, тыныс алуын жеңілдететін, өмірін сақтап қалуға көмектесетін реанимациялық іс-шаралар жасайды. Ессіз жатқан әйелдің кішкентай ұлы да сол жерде еді, ол анасын сондай халде көріп, қорыққаннан жылай бастайды. Әлішер баланы да полиция мен жедел жәрдем келгенге дейін тыныштандырған.

— Бүгін біз ефрейтор Әлішер Асылбековке құрмет көрсетудеміз, ол нағыз батылдық пен жанқиярлық танытып, қызметтен тыс жазатайым оқиғаның алдын алды. Оның әрекеті — баршамыз үшін үлгі және ҚР ІІМ Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің кез келген жағдайда адамдарды қорғауға дайын екендігін көрсетеді, - деді 5514 әскери бөлімінің командирі полковник Әмір Мансұров.

Ефрейтор Асылбеков Ұлттық ұлан қатарында 2022 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етеді және осы уақыт ішінде өзін жауапты әрі адал жауынгер ретінде көрсетті. Ол бұл оқиғадағы рөлін батырлық деп санамайды:

— Менің орнымда кім болса да дәл осылай істейтін еді деп ойлаймын. Көріп тұрып, әрекет етпеу — мүмкін емес, себебі. Түнгі уақыт, жарықтың әлсіздігі мен ағыстың қаттылығы жағдайды біраз қиындатты, бірақ азасатшаны дер кезінде жағаға шығарып үлгердім. Су адамның күшін тез алады, сондықтан тез әрекет ету керек болды. Қауіпсіз жерге шыққасын да оған алғашқы медициналық көмек көрсете алдым. Ойымда тек аман алып қалу мақсаты болды, - дейді Әлішер.

Оның әрекеті Ұлттық ұлан қызметінің ажырамас бөлігіне айналған адалдық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі болып табылады. Батыл іс-әрекеті нағыз батырлардың қасымызда екенін, кез-келген уақытта көмекке келуге дайын екенін білдіреді.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген