«Көктайғақ, тұман, бұрқасын»: 14 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

14.11.2024, 09:53
673
«Көктайғақ, тұман, бұрқасын»: 14 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Sputnik / Абзал Калиев

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қазгидромет» 14 қарашада еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақмола облысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Астанада жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Атырауда 14 қарашада түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 30 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Жолдарда мұзтайғақ болады. Қонаевта 14 қарашада солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде 23 м/с. Петропавл қаласында 14 қарашада бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Түркістанда түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды