778

Қазақ бапкері келгелі «Барыс» клубы осымен төртінші рет жеңіске жетті

«Барыстың» жаңа басшысы Ғалым Мәмбетәлиев келе сала, бірнеше легионерді клубтан қуып жіберген еді.

Қазақ бапкері келгелі «Барыс» клубы осымен төртінші рет жеңіске жетті
коллаж smartnews.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы Ғалым Мәмбетәлиев тізгінді ұстағалы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл жолы жерлестеріміз қонақта Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасымен кездесті.

Айтқандай, Мәмбетәлиевтің шәкірттері сырт алаңда «Нефтехимикті» овертаймда 2:1 есебімен жеңді.

Осы жеңістің арқасында 16 ұпай жинаған астаналық клуб Шығыс конференциясында 11-ші орынға жайғасты. 

Осылайша астаналық ұжым осы маусымда жетінші рет жеңіске жетті. Сондай-ақ 18 ойында жеңіліс тапқан.

Айта кетейік, «Барыс» келесі матчын 15 қараша күні «Салават Юлаев» клубына қарсы өткізеді.

«Нефтехимик» (Нижнекамск, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

Шайбалар:

0:1 — 18:31 Өмірбеков (Мұратов, Гайтамиров). Теңдікте

1:1 — 41:14 Ди (Белозеров, Барбер). Теңдікте 

1:2 — 61:39 Панюков (Әсетов, Қамалов). Теңдікте 

Қақпашылар: Долганов — Бояркин

Айыппұл: 0:2 (0:0, 0:0, 0:2, 0:0).

Материал авторы