1180

Ерке Есмахан да уақыт белдеуіне қиналып жүр

Танымал әнші өзінің әлеуметтік желідегі бейнежазбасында қазірдің өзінде сағат 16.00-де қаланы қараңғылық басатынын, қысқы мезгілде не боларын елестете алмайтынын айтты.

Ерке Есмахан да уақыт белдеуіне қиналып жүр
жеке мұрағатынан

«Ислам екеуміз күзді қимай жүрміз. Бірақ, мына сағат тілі біздің режимге сайкелмей жатыр. «Таң атса болды, күн батты» деген әннің тура мағынасы боп тұр. Сағат түскі 16.00-де Алматыда қараңғы. Қыста не боламыз?» – деді әнші.

Жалпы, соңғы уақытта қазақстандықтар уақыт белдеуіне қатысты реніштерін жиі білдіріп жатыр. Тіпті, Парламент қабырғасындағы кейбір депутат та қолдап отыр. Өзгеріс болар ма екен?

Материал авторы