Ноутбуксыз IT маманы: Наруто көргендердің біразы «айтишник»

14.11.2024, 11:03
359
Ноутбуксыз IT маманы: Наруто көргендердің біразы «айтишник» Еркінбек Алина, Дуйсенбек Әсем Жеңісқызы

Менің әрбір оқырманымның көкейінде IT мамандары туралы стереотиптер бары анық. Бүгін біз солардың біразын тас-талқанын шығарып, бұзатын боламыз.

Қонақта IT-кәсіпкер, тек қана IT-мен шектелмейтін, Шымкент қаласында стартаптар экожүйесін дамытуға арналған “One-hub co-working” иесі, Астана қаласында орналасқан “Softsale”, бірақ әлем бойынша IT жобалар жасайтын аутсорлық компанияның бас атқарушы директоры Мақсат Ирисбековпен шай үстінде бірнеше тақырыпты талқылап өтеміз. 

 —  Алғашқы сұрағым қарапайым, бірақ үлкен маңызға ие. IT саласында жұмыс жасауға сізді не шабыттандырады? 

 —  Ашығын айтайын қазір мені IT саласында ақша және кішігірім impact болса болды жұмыс жасай беремін. Ал басында IT-ге келуге не шабыттандырды? Мен негізі басында архитектор немесе ғалым боламын деп ойлайтынмын. Отбасыммен бәрі физик. Сонымен мен физиканы қатты оқып жүрген кезімде бір күні мені дос балам шақырып қалды. “Кел, осында бір тегін робототехника курсы бар”,- деді. Ол кезде мен физиканы, әсіресе Tesla-ны, түрлі теориялар, конспирологияны зерттеп жүрген кезім еді. Өзім тоққа, электрикаға жақын болғандықтан қызық болды.

Робототехникадан түрлі жарыстарға бардық. Бірақ мектеп қолдаған жоқ. Мектепке қарсы шығып, бақылау жазбай, ол кезде бізде әлі де бақылау жазу жүйесі болатын. Негізі қызылға оқыған баламын. Бірақ 9 сыныпта IT-ге келгеннен бастап барлық сабағым төмен кетті. Өңшең 4-тер кетті. Содан кейін мен IT-мен ауырдым. Не үшін ауырдым дейсіз ғой? Себебі қарапайым жарыс. Ол кезде енді дамып жатқан дүние барлығына қызық. Кім мықты нәрсе ойлап таба алады деген дүние қызық болды.

IT өзі екіге бөлінеді: soft және hard. “Microsoft” компаниясының аты да осыдан шыққан. Бұл дегеніміз “micro”- микро, ал “soft”- программа. Микропрограмма. Мен өзім hard бойынша айтиге келдім. Яғни қолмен жасалатын, құрастыратын заттар. Мысал ретінде робототехниканы алуға болады. Құрастырып код жазасың. Hard IT-ге келіп, бірақ соңында түсінгенім маған өзіме soft жақын екен. Ол дегеніміз код жазу, ұйымдастыру, фунционал ойлап табу және тағы басқа үйту-бүйту шаруалары. Бірақ бұл екі дүние бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Робот құр өзі жай программасыз ойыншық болып қалады. Оған міндетті түрді soft керек, сонда ол қимылдайтын ойыншыққа айналады. Дәл солай soft-ты да құятын жер, яғни hard бөлігі қажет. Сонымен барлық әңгіменің басы жарыспен басталды.

 —  IT саласында күнделікті жұмысыңызды жасау үшін сізге қандай құралдар мен техника немесе технологиялар ауадай қажет?

   —   Мен мектеп бітіргенге дейін менде ноутбук болған жоқ. Ол кезде код жазып жаттығу жасайтын жалғыз құралым - телефон болатын. Бұрын телефонда код жазатын бағдарламалар көп болатын. Қазір есімде жоқ. Сол кездері мен дос баламның ноутбугын алатынмын. Ал ол видеограф, видео монтаждайтын еді. Телефонда жазған кодымды ноутбукке салып, кейін қайтарып беретінмін. Ал егер шынайы жұмыс жасауды ойласаңыз, күнделікті міндетті түрде ноутбуктен артық ешнәрсе керек емес. Онымен бірге интернетке шығу мүмкіндігі болса жеткілікті. 

 —  Сіздің ойыңызша, Қазақстанның IT секторы қандай жаһандық мәселелерді шешуге көмектесе алады?

  —  Мен объективті көзқараспен қараған ойымды айтайын. Бізде қазір Қазақстанда IT экспорты 2 есе артты. Яғни 2028 жылға қойылған жоспар, бұл 1 млрд доллар IT экспортқа шығу керек болды. Осы жоспар биыл орындалды. 2 жылда 300 млн доллардан, шатаспасам 1 млрд долларға мына салалар бойынша жетті: медицина, білім және финанс. Мүмкін шамалы тырыссақ, осы үш сала бойынша әлемдік стандарт шығарармыз. Ең мықтысы әрине, қазір финанс тұрғысынан - Kaspi. 

Дереккөз: коллажды өңдеген Дуйсенбек Әсем Жеңісқызы

 —  Білуімше, сіз AITU университетінің түлегісіз. IT мамандарын оқытатын университеттердің бағдарламасында нені өзгертер едіңіз?

 —  Мектепте оқып жүрген кезімде туындаған сұрақ: ҰБТ-да физика, математика таңдайтын оқушылар үшін неге биология пәнін оқу қажет? Не себепті оқимыз? Мен мамандығым бойынша оқып жүргенде де осыған ұқсас сұрақ туындады. Мамандығым 100% практиканы талап етеді. Бірақ біз әлеуметтану, саясаттану оқыдық. Күні кеше ғана осы туралы әріптесіммен сөйлестік. Не себепті біз мамандығымыздан тыс пәндерді де оқыдық? 

IT-де мынадай нәрсе бар. Тұтынушының көзімен қарап, әр бетте нені ойлайтыны туралы ойлай алу. Ал ол дегеніміз не? Психология емес пе?! Мүмкін әлеуметтану?! Халықты түсіну үшін сен сол пәндерді оқуың керек. Себебі сенің мамандығың мен ол пәннің арасында жіп секілді көрінбейтін байланыс бар. Сен жасаған бір бағдарламаны миллиондаған адам пайдаланады. Яғни университетте тек қана сабақ бермей 1 курста әр пәнді не үшін оқып жатқанын түсіндіру керек. Біз оқып жатқан дүниеміздің не үшін екендігін түсінсек, қаттырақ, қызығушылықпен оқимыз. Мысалы, біз жоғары математика деген сабақ өттік. Оны университет бітірсе де не үшін оқығанын түсінбей кеткендер бар. Кейде солар үшін менің жүрегім ауырады. Жоғары математиканы не үшін оқиды? -Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс жасауды үйрену үшін. “Machine learning” мен “Artificial Intelligence-ті” жоғары математиканы үйренбей игере алмайсыз. Ол жақта үлкен алгоритмдер жазу керек болады. Ал біздің айтишниктардың ойынша IT деген не? Сайт жазу, бағдарлама жасау болды. Жоқ, олай емес. Біз университетте оқыған кезде Google, Amazon, You Tube-та жұмыс істейтін өте мықты мұғалімдер болды. Олардың кейбіреулері, тіпті сайт жаза алмайды. Яғни IT деген ол сайт па? Сол нәрсені мұғалімдер алғашқы сабақта түсіндіре алу керек. Университетке түскенде балалардың қандай ойлау призмасымен келгенін қарап, олармен жұмыс жасап, бағыт-бағдар берсе жақсы болар еді. IT туралы дым білмейтін адамға бірден IT-дың асханасына кіргізіп жіберген дұрыс па?! Сонымен түйін оқып жатқан пәнің не үшін деген сұраққа жауап алынса, оның құндылығы артады. Соған жеке сабақтар арнау керек. Бірінші сабақты “философия деген не?” дегеннен емес “философияны не үшін оқимыз?” деп басталу қажет. Себебі ол жауап берілмеген пәндерге мен тек ”attendance” үшін бардым, шыны керек. HR мамандар айтишниктерді жұмысқа алатын кезде 2 нәрсені қарайды: бірінші ол - техникалық, екінші - soft skill. Шеге қағуды мысал ретінде алсақ, шегені қағу - ол техникалық білім, ал шегені қағып жатқанда қолыңа балға тиіп кетсе боқтап жібермеу, бірнеше адам болып шеге қаға алу- soft skill. Сондықтан бұның бәрі университетте айтылу қажет.

 —  Жұмысыңызда күтпеген идея немесе әріптестердің қолдауы сізге қиын техникалық кедергіні еңсеруге көмектескен жағдайды айтып бере аласыз ба? 

  —  Иә, болды. Себебі жұмыс қиындықсыз болмайды. Ал біздің жұмыс тікелей проблеманы шешу. Біздің нәтиже жеке қарастырылмайды. Сіз менің қызметкерімнің жеке бір кнопкасын бағалай алмайсыз. Қосыла жазған кнопкалардың жиынтығы, сайтты бағалайсыз. Біз бір ұйым болғандықтан қаласақ та, қаламасақ та бір-бірімізге көмектесеміз. Мысалы, біздің компания бір мезетте бірнеше  жобалармен жұмыс жасайды. Әдетте тапсырысқа жасаймыз ғой. Сондай бір кездерде бір қызық жағдай болған. Біздің клиентіміз “Курсант” деген мектептер желісі болды. Сол компанияға біз үлкен IT экожүйе жасап беруіміз керек. “Тестгрант” және “Курсантонлайн”. Бір команда, яғни “Тестгрант” жұмысты ертерек бітіріп қойды. Оларда 3-4 күн уақыт болды. Екінші команда “Курсантонлайн” кешігіп жатты. Бірақ бұл жерде компанияның репутациясы болғаннан кейін ішінара “Bootcamp” жасап, бұл демалыс мағынасында емес керісінше жұмыс біткенше ешқандай жерге шықпай, бүкіл фокусты жұмысқа қою. Бірінші команда өзінің жұмысын кешіктіріп жатқан екінші командаға көмектеседі. Техникалық тұрғыдан бұны түсіндіру өте ұзақ уақыт алады. Сондықтан жай көмектесті деген сөзді қолданайық. 

 — Сіздің ойыңызша, жасанды интеллект Қазақстанның IT индустриясын қалай өзгерте алады? Отандық компанияларда жасанды интеллектті сәтті енгізу мысалдары бар ма? 

  —  Алдыңғы күні осы туралы ойланып едім. Бар, әрине. Т9 және Kaspi деп айта алар едім. Мысалы, Kaspi қалай жұмыс жасайды? Егер сіз каспиден айфон іздесеңіз сізге рекомендацияға басқа да заттарды береді. Оны ол қалай береді. Каспи миллиондаған басқа айфон іздеген адамдардың ұнататын заттарын қарап, олардың біреуі ұнап қалар деп ұсынады. Күнделікті қолданып жүрген каспидің өзі осы жасанды интеллект. 

Дереккөз: автор Еркінбек Алина, өңдеген Дуйсенбек Әсем Жеңісқызы

 — Жасанды интеллект пен автоматизацияның дамуымен IT саласына төнетін қауіп-қатерлер бар деп ойлайсыз ба? Оларды қалай азайтуға болады?

  —  Ондай ұйым бар негізінде. “Международный правовой регулятор ИИ” деп аталады. Яғни әлемдік ЖИ шығаратын барлық бағдарламалаушылардың барлығына ортақ заң. Ол заң бойынша жасанды интеллект бақылауда болу керек деген секілді талап бар. Мысалы, Open Aİ компаниясының бұрынғы қызметкері “мен де қорқамын”,- деп айтты ғой. Не себепті? Мысалы, қазір мен сіздің қолыңызға ыстық су құйсам, сіз қолыңызды тартасыз. Не себеппен? Рефлекс қалай жұмыс жасайтынына жауап бере аласыз ба? Жасанды интеллект те дәл солай. Оның қалай жұмыс жасайтынына жауап бере алмаймыз. Оның осындай шешімге қалай келгенін ешкім айта алмайды. Иә, алгоритм, машиналық үйрету бәрін ескеруге болады бірақ соның өзінде ешкім нақты шешімін айта алмайды. Яғни біз тура өзіміз секілді сана жасап шығардық. Бірақ бір қызығы, бізден тез жұмыс жасайды және барлық білім бірден миында сақтаулы. Ал енді бұл қаншалықты дұрыс? Енді қарап көрейік, “ChatGPT”-ді миллиондаған адам пайдаланып жатыр, дәлірек айтсақ миллиардтаған адам келіп бір санадан кеңес сұрайды. Қорқынышты емес пе?! Иә, ол белгілі бір ақпарат бойынша оқытылған. Ал ол ақпаратты кім берді. Адам ғой. Ал ол адамда психикалық тұрғыда бәрі дұрыс па? Ешкімді ғайбаттағаным емес. Мүмкін болатын сұрақ қойып жатырмын. Елестетіңізші, бір триллион параметр бойынша “ChatGPT” оқытылған. Бір триллион параметрді тексеріп отырған адам бар ма?! Илон Масктың өзі қорқып жатқанда, қорқынышқа себеп бар-ау.

 — Қазақстан Кремний алқабы сияқты IT-стартаптар орталығына айнала алады деп ойлайсыз ба? Бұл үшін не қажет?

  — Оны қолдан жасау немесе белгілі бір бюджетті бөліп жасау өтеее қиын. Себебі ол жерде тек стартаптарды отырғызып қоя салу ғана емес. Кремний алқабының басты қызығы- инвестиция болу. Барлығы сол үшін барады. Яғни бізге инвестиция әлеуметін дамыту қажет. Қазақстандық неше стартап Кремний алқабына кетті? Не үшін кетті? Инвестиция үшін, болды. Стартаперлерге қызығы сол. Инвестиция жүйесі қазір біртіндеп дамып келе жатыр. Бірақ сонда да әлі қиындықтар бар. Атап өтсек, геосаяси. Қасымыздағы көршілеріміз. Оларда болып жатқан жағдайлар. Оның бәрі келіп тұрған инвестицияны қуып жіберуі мүмкін. Бірақ жасауға болады. Мысалы, Украинада ”Unit.Сity” деген бар.  Василий Хмельницкий деген кісі айти қалашық соғып жатыр. Ол кісінің де мақсаты не? - Кремний алқабын құру. Бірақ ол кісі де мойындайды бұл жай ғана ақша құйып жасай салатын нәрсе емес.

 — Алдағы 5 жылда қазақстандық айтишниктер әлемдік қауымдастықты несімен таң қалдыра алады деп ойлайсыз? Қандай IT бағыттардың болашағы бар? 

  —  Кезінде Фарадей жаңа нәрсе ойлап табу мүмкін емес деп ойлады да, бірақ лампаны жасап шығарды. Айтишниктер арасында қызық парадокс бар. Осы Орталық Азия IT мамандарының IT бойынша ойлау қабілеті мықты. Оған конспирология бар. Ол әрине, қанның тазалығы, ойдың тазалығы, ұшқыр ойлау. Мүмкін сол қабілетіміз алгоритм немесе сондай дүние ойлап табуға әкелетін болар. Мысалы, egov.kz жүйесін шетелге жалға бермекші. Шетелде де осындай жүйе пайдалана алу үшін. Мүмкін бұның өзі біз үшін алғашқы қадам болар. 

 — Сіздің ойыңызша, болашақта IT саласында қандай дағдылар ең қажет болады? Жаңадан бастаған айтишниктерге не оқуға кеңес бересіз? 

  —  Міндетті түрде математика оқыңдар дейтін едім. Онымен қоса адамның бойында төзімділік болу керек. Байқасаңыз, AITU-да 1 курс студенттері “Наруто” анимесін көреді. Былай қарасаңыз күлкілі көрінеді. Бірақ Наруто тағдырдың таяғын жеген кейіпкер. Әке-шешесі жоқ. Барлығы оны ортасына қосқысы келмейді. Басым көпшілік анимені көріп отырғандар, Нарутоға жақтасып отырады. Ал Наруто ешқашан сынбайды, соңына дейін барады. Менің байқағаным, біз оқыған кезде “Наруто” көрген жігіттердің біразы қазір айтишниктер. Бастысы сол төзімділік қой. Қиын есептерден қиналмау.

 —  Бүгін менімен барынша ашық болғаныңыз үшін рақмет! Сірә, мен де “Наруто” көріп бастаймын-ау!

 

 

СҰҚБАТТАСҚАН: ДУЙСЕНБЕК ӘСЕМ ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Танымал блогер қыз желіде тараған «жалаңаш видеоның» экспертиза қорытындысы шықты (ФОТО) Бюджет-2025: Білім саласына ақша көп бөлінеді, жемқорлар да көбейе ме? «Шайн мускат» жүзімі құрамынан зиянды ешнәрсе табылмады Шарықтаған доллар қазір 494-499 теңгеден саудаланып жатыр Елдің барлық өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады Павлодарда баланы аяусыз көміп кеткен қылмыскер Ресейде ұсталды Туристер үшін Маңғыстаудағы Бекет Ата жолына визит-орталық салынады «18 аймақта күн райы бұзылады»: 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Бір Алла сақтады, төрт секундта көлік аударылып кетті»: Ернар Айдар жол апатына түскен «Райм, мені жібермеді Катарға, Бір жылап алдым жатарда»: Гүлнұр Мамасарипова туған күнін Катар елін шулатып тойлатты (ВИДЕО) «Бұл – кек қайтаруға талпыныс!»: депутат Дариға Назарбаеваны мақтайтын видео таралғанын айтты (ВИДЕО) «Тоқаевтың тапсырмасын орындайын десе, қора жоқ»: асыл тұқымды жылқы өсіретін мамандар бес ай бойы жалақы алмаған Танымал актер Toyota Highlander ойнатып, жеңген отбасыға ескі Lada Largus көлігін сыйлаған (ВИДЕО) Итбалықтардың қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалуы керек – тәуелсіз эколог «Тойдың жарты ақшасы Сабуровқа кетті»: Дархан Жолшыбеков әйелінің туған күнін 60 млн теңгеге ұйымдастырған «Өзі аз қазақты қырып салдыңдар!»: Меруерт Түсіпбаева биліктен әскердегі әлімжеттікті тоқтатуды талап етті Елімізде асырап алған баласын ұрып-соғып, азаптайтын ата-ана көбейген «Толқынның бас әрпі»: Төреғали Төреәлі «ТТТ» сөзінің қайдан шыққанын айтты «Қол-аяғы «қарлығаш» позасында байланған»: Жаркентте көз жұмған капитан Дархан Нұрланұлының анасы тың ақпарат айтты «Даусына зар боларсың…»: Айгүл Иманбаева анасын көп ренжіткеніне өкінді