781

Бишімбаев шынымен түрмеде отыр ма?

Жуырда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеден қашып кеткені туралы жалған ақпарат тараған болатын. Десе де, қоғамда кейбіреулер Мәсімов сияқты дөкейлердің темір тордың ар жағында отырғанына сене бермейді.

Бишімбаев шынымен түрмеде отыр ма?
Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

«Ота жасатып, шетелде жүрген шығар» деп топшылайды. Түрмеде отырғанын көзбен көрмеген соң сену қиын дейді.

Бүгін тілшілер сенатор Марат Қожаевтан Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқандығын растайтын ешбір фото не видеоларды жоқтығының себебін сұрады.

«Бұл азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламаса, оны ешкіммәжбүрлей алмайды. Қарулы күштердің адамымын ғой, сондықтан дөрекі жауабым үшін кешірім сұраймын, бірақ бұл хайуанаттар бағы емес қой.

Ресми тұлғаларға сену керек, қазір ол Степногорскідегі колонияда жазасын өтеп жатыр», - деді ІІМ басшысының бұрынғы орынбасары.

Материал авторы