Авторлық қоғамдардың жұмысы сын көтермейді – Нартай Сәрсенғалиев

14.11.2024, 13:18
931
Авторлық қоғамдардың жұмысы сын көтермейді – Нартай Сәрсенғалиев SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

Шығармашылық салада жүрген азаматтардың авторлық қоғаммен байланысы тығыз. Десе де, авторлық қоғамдардың жұмысы жүйелі емес. Салдарынан әркім өз бетінше адвокат жалдап, сабылып жүр.

Мәжілісте креативті ұйымдастыруды дамытуға арналған заң жобасы талқыланып жатыр. Заң жобасын әзірлеп жатқан жұмыс тобының жетекшісі, депутат Нартай Сәрсенғалиев авторлық қоғамдардың жұмысын сынады.

«Біз креаторларды тізімге қосып алғанымызға мәзбіз, бірақ олардың авторлық құқығын қорғауға келгенде ешкім бас ауыртқысы келмейді. Қашанғыдай әр креатор адвокат жалдап, басқаны жалдап, сан соғып, сабылып жүруге мәжбүр.

Елімізде 15-16 авторлық қоғам бар. Олардың жұмысына қатысты да көптеген сын бар. Авторлық қоғамға адамның шығармасын қолданғаны үшін түсетін ақшаның 70 пайызын қоғам өзі алып қалады, 30 пайызын ғана авторға береді», - деді ол.

Оның айтуынша, Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындағаны үшін авторлық қоғам композитордың ұрпағына үш айда 18 мың теңге ғана төлеген.

«Жалпы бұл қазақта Шәмшінің әнісіз өткен кеш бар ма? Өкінішке қарай, біздегі авторлардың құқығы қорғалмайтынын осыдан-ақ көруге болады», - деді депутат. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды