«Олар жезөкшелер»: Тараздағы жалдамалы пәтерде екі әйелді өлтірген күдікті сұмдық жайттарды баяндады

Аиса Махамбет Редактор
14.11.2024, 19:37
906
«Олар жезөкшелер»: Тараздағы жалдамалы пәтерде екі әйелді өлтірген күдікті сұмдық жайттарды баяндады жеке мұрағатынан

Ер адам оларды өлтірген соң түк болмағандай жуынып, үйден шығып кеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өлтірілген әйелдер интим қызмет көрсеткені белгілі болды.

Дереккөздің мәліметінше, екі әйел де Меркі ауданының тумасы. Олар тұрған пәтерді олар жалға алған. 2024 жылдың 5 қарашасында әйелдердің бірі «Друг вокруг» әлеуметтік желісінде Павел деген ер адаммен танысқан. Сөйлескен кезде әйел жезөкше екенін, бір рет қатынасқа түскені үшін 7000 теңге алатынын айтқан. Түнгі сағат 01.30-да жігіт қолында сырасы бар Айманға келген. Оның ақшасын төлеп, бір рет төсектес болған. Алайда, оған «тоймай» қалған Павел әйелге «ақшасын артынан беремін, тағы бір рет жақындасайық» деп өтінген. Алайда, Айман олай істей алмайтынын айтып, киіне бастағанда жігіт оны қылқындырған. Айман есінен танған соң Павел ас бөлмеден пышақ алып, келіншекке жеті рет сұғып алған. Көрші бөлмедегі бұл айғай-шуды естіген Света өз бөлмесінен шығып, Айманның мәйітін көргенде қатты айқайға басқан. Павел оны да пышақтап өлтірген. 

Екі әйелдің де қайтыс болғанын көрген жігіт түк болмағандай жуынып, екі мүрдені бір бөлмеге әкеліп, бөлменің ішінен 32 мың теңге мен  әйелдердің бірінің ұялы телефонын алып кеткен. 7 қараша күні үй иесі келгенде сұмдық жайттың куәсі болады.

Күдікті 8 қараша күні қолға түсірген. Ол кінәсін мойындап, екі адамды қалай өлтіргенін көрсетіп, пышақты да тауып берген».

Іс бойынша сот-психологиялық, сот-биологиялық және сот-наркологиялық сараптамалар тағайындалды. Пәтер иесі – сексуалдық сипаттағы қызметтерді көрсету үшін үй – жай ұсыну фактісі бойынша, ал дүкен сатушысы-сағат 23.00-ден кейін алкоголь сатқаны үшін жауапқа тартылмақ. 

Бұған дейін, Таразда жалдамалы пәтерде екі бірдей әйелдің денесі табылғанын  жазған едік.

Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады