674

«Қар мен жаңбыр аралас, көктайғақ»: 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

«Қар мен жаңбыр аралас, көктайғақ»: 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
AFP 2024 / Bulent Kilic

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 15 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде қар жауады, батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Материал авторы