628

Инфляция төмендеді, жалақы өсіп жатыр – Ұлттық банк төрағасы

Биыл 9 айда Қазақстан экономикасы 4 пайызға өскен. Инфляция көрсеткіші де төмендеген. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлерінің XII конгресінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Инфляция төмендеді, жалақы өсіп жатыр – Ұлттық банк төрағасы
SMARTNEWS.KZ коллажы / Дана Асылбек

«Биыл Қазақстан экономикасы төрт пайызға өсті. Бұл жақсы көрсеткіш. Соныменқатар инфляция төмендегенін көріп отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пайызға төмен. Десекте, біз таргеттен 70 пайыз алыспыз. Сондықтан монетарлық саясатқатаң талапты қажет етеді», - деді ол. 

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендегенін атап өтті.

«Елдегі жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Яғни, 4,6 пайыз. Жалақы да өсіп жатыр. Орташа еңбекақы 11,3 пайызға көтерілді», - деді Тимур Сүлейменов.

Материал авторы