«Қайдағы үш жыл?»: Солтүстікте бүтін бір отбасыны бизнестегі бәсекелестері тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО)

15.11.2024, 11:33
186
«Қайдағы үш жыл?»: Солтүстікте бүтін бір отбасыны бизнестегі бәсекелестері тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Жерлеу рәсімін өткізумен айналысатын ерлі-зайыпты мен олардың 17 жастағы ұлын тендер құжатын алу үшін өлтіріп кеткен. Отбасының тірі қалған жалғыз қызы сот шешімімен келіспей, әділдік сұрап отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, СҚО-да бүкіл отбасының мүшесі кісі қолынан өлген отбасының қызы мәлімдеме жасады.

Татьяна Приходченконың әке-шешесі мен туған інісін 2023 жылдың соңында үш қаскөй өлтіріп кеткен. Бүтін бір отбасы мүшелерін жерлеу рәсімін өткізетін кәсіптегі бәсекелесі өлтірген. Қаза болған отбасының үлкен қызы үндеу жасады. Қыз жақында болған сот үкімімен келіспейтінін айтып, әділдік сұрап отыр.

Кісі өлімінен соң екі күдікті ер адам ұсталған. Олардың бірі - жерлеу ісімен айналысқан жеке кәсіпкер болса, екіншісі - оның қол астындағы жұмысшы боп шықты. Көп ұзамай полицейлер тағы бір қылмыскерді ұстаған. Ол С. есімді әйел адам - ірі жерлеу кәсіпорын басшысының орынбасары боп шықты.

Үшеуі де сотқа тартылған. 42 жастағы әйел кісі өлтіруге итермелеу бабымен, 37 жастағы және 25 жастағы еркектерге үш адамды тонап, оларды өлтірді деген айып тағылды.

Осы жылдың 28 қазанында сот үкім шығарып, сотталушыға Е. өмір бойына түрмеге қамап, ал көмекшісі О.-ға - 21 жыл 8 ай бас бостандығынан айырды. 

Ал айыпталушы әйел С. үш жылға бас бостандығынан айырылған. Сот әйелді аса ауыр қылмыс туралы хабарламаған деп қана айыптап, оның басқаларды қылмысты жасауға шақырып, өлтіруді ұйымдастырғаны туралы кінәсін дәлелдейтін айғақтар анықталмағанын айтқан.

Үкімнен кейін өлтірілгендердің қызы Tengrinews.kz тілшісіне мәлімдеме жасап, бұл үкіммен мүлдем келіспейтінін айтқан.

«Қылмыстың себебі - ата-анамның шағын бизнесі болды. Олардың өлімі тек сотталушы С.-ға пайдалы әрі қажет болды. Ол тікелей ата-анамның бәсекелесі болды. Оның аты біздің үйде үнемі айтылып жүретін», - деп атап өтті Татьяна Приходченко.

14 қарашада қаза тапқандардың қызы әлеуметтік желілерде бейне үндеу жасады.

«Менің атым Татьяна Приходченко. Мен қоғамға, құқық қорғау органдарына әділдік сұрап, үндеу жасағым келеді. 

2023 жылдың 27 желтоқсанында Петропавлда менің отбасымды өз үйімізде аяусыз азаптап өлтіріп кетті. Бір сәтте анамнан, әкемнен және інімнен айырылдым. Бұл жағдай менің жүрегімді қарс айырды. Мен өмірімдегі ең жақын адамдарымды біржолада айырылдым. 

Тергеушілер мен прокурор барлық күдіктілерді дұрыс айыптады деп санаймын. Сотта олардың кінәсі туралы жеткілікті дәлелдер болды. Бірақ бір-біріне қайшы келетін жанама дәлелдер мен айғақтарда ғана сот арандатушыны ақтап отыр», - деді қыз.

Ол сол күні әкесі өмір үшін күрескенін айтты.

«Анам әкемнің өз қанына «батып» жатқанын көзімен көрді. Ол оған көмектескісі келіп, өзін жіберуін өтінген. Бірақ оны жібермей тендерлік құжаттар қайда екенін айтуды талап еткен. Содан кейін олар анамның көзін жауып, оны аяусыз өлтіріп тастаған. Осы уақытта менің 17 жасар інім қозғала алмай, азапты бірнеше сағат бойы амалсыз өз өлімін күтіп жатқан... Ол ата-анамыздың жан ұшыра айқайлағанын естіген. Оларды қалай өлтіргенін көрген. Біршама уақыттан соң өзінің де қаскөйлердің қолынан өлетінін сезген. Осынша қылмыс үшін кісі өлтірушіге 21 жыл беріліп, ал арандатушы әйелге қылмысынан оңай құтылып кетті. Оған тек үш жыл ғана беріп отыр. Бір жарым жылын ол өтеп те үлгерді. Демек оның бостандыққа шығуына аз-ақ қалды», - деді Татьяна.

Қыз соттың неге дәл осындай қанішер адамдарға рақымшылық жасағысы келгенін түсінбей әлек.

«Бишімбаевтың ісінде інісіне қылмысты жасырғаны үшін төрт жыл, Денис Тенді өлтіргені үшін те төрт жыл берді. Бір адам үшін оларға шартты түрде босап шығу мүмкіндігінсіз төрт жыл берді делік. Ал мұнда бір отбасының үш адамын өлтіріп отыр ғой... Арандатушы әйел өзінің бәсекелесін ғана емес, оның әйелі мен кәмелетке толмаған баласын да өлтіргенін біліп, қанішермен байланысын жалғастырған. Онымен бір үйде болған. 

Күні бойы ол қасындағы қанішердің қалай үш адамды өлтіргенін біліп жүрді. Егер кінәсіз, жазықсыз адам болса, мұндай ақпаратқа бір күн бойы біліп тұра, шыдап жүре алмас еді... Мұндай қылмыс үшін үш жыл алу - әділетсіз», - дейді қыз.

Татьяна Приходченко үкімді қайта қарауды сұрайды.

«Осындай қатыгездікпен менің отбасымды өлтіруді жоспарлағандар бейбіт адамдардың қасында еркін жүруге еш хақы жоқ! Мен әділдік үшін күресуге тырысамын. Өйткені менің ата-анам мен інім өмір үшін күресті...», - деп қорытындылады қыз.

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне бірнеше апелляциялық шағымдар берілген. Жақын арада іс Солтүстік Қазақстан облыстық сотының алқасына қарауға түседі.

Айта кетейік, айыптау қорытындысы бойынша, қатыгез қылмыстың себебі жерлеу рәсімдік қызметтер саласындағы көпжылдық бәсекелестік болған. 2023 жылы қайтыс болған ерлі-зайыптылар жерлеуге арналған конкурстық тендерлердің басым бөлігін жеңіп алған. Соның салдарынан сотталған әйел С.-ның құрылтайшысы болып табылатын мекеменің табысы төмендеген.

"Айыпталушы әйел 2023 жылдың желтоқсанында бәсекелес ерлі-зайыптыларға жеке дұшпандық танытып жүргенін, оларды өлтіру туралы ойын екінші айыпталушы Е.-ге айтып, тікелей ұсыныс тастаған. Айыпталушы Е. жалғыз өзінің қолынан келмейтінін ойлап, іске қол астындағы О.-ны тартқан. Қылмысты оңай жасауы үшін Е. қол астындағы көмекшісіне Жеке Кәсіпкерліктегі мекемесінде бастықтың орынбасары етемін, жалақыны көтеремін деп уәде берген", - делінген айыптау актісінде.

Бұған дейін прокурор сотталушы С.-ны 15 жылға бас бостандығынан айыру, ал сотталушы Е. және О.-ны қарақшылық пен кісі өлтіру бойынша өмір бойынша соттауды сұраған.

«Сол күні ағасы Нұрқанатты тонап, 4 рет пышақтаған»: Шерзаттың адвокаттары қылмысқа қатысты жаңа деректерді айтты «Ысыраптың алдын аламыз»: Қостанайда жаназаға дейін ас беруге тыйым салынды «Өнерде шектеу жоқ»: қазіргі қазақ киносы режиссер Ақбөбек Тұлжанованың көзімен Қос өнердегі шебердің тәжірибесі «Адам өз уақытының «баласы»: ғылымға ғашық жан Әсем Құсмановамен ашық сұхбат Жасанды интеллект медицинаны да жауламақшы ма? Табиғат тосын мінез танытса, моноқалалар әбігерге түседі «Әр тиынның есебін сұрау керек!!!»: Айгүл Орынбек Қазақстандағы барлық қорларды жабу керегін айтты «Қайдағы үш жыл?»: Солтүстікте бүтін бір отбасыны бизнестегі бәсекелестері тендер үшін өлтіріп кеткен (ВИДЕО) Инфляция төмендеді, жалақы өсіп жатыр – Ұлттық банк төрағасы Балалар үйіндегі 16 жасар қыз аяғы ауыр боп қалды Енді қазақ сарбаздары араб тілін үйренуге міндетті Жалған дипломмен орман шаруашылығы саласында сайраңдап жүрген «Қар мен жаңбыр аралас, көктайғақ»: 15 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды «Сыйақы берген жоқ»: әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова ағынан жарылды «Олар жезөкшелер»: Тараздағы жалдамалы пәтерде екі әйелді өлтірген күдікті сұмдық жайттарды баяндады «Ұйықтап жатып да ән айтамын»: Мақпал Жүнісова ерекше қасиеті барын айтты (ВИДЕО) «Шығыстың адамы болған соң білеміз»: Баян Мақсатқызының экс-жұбайы ел алдына шықты Роза Рымбаевадан 91 млн, Дәулет Тұрлыхановтан 533 млн алған алаяққа үкім шықты Енді жоғалған затты қайтарғаныңыз үшін айыппұл төлеуіңіз мүмкін