Дарынды адам барлық өнерде дарынды демекші осы қос шеберлікті бірге алып жүрген «Жан» университеттік театрының актері әрі режиссері Жәнібек Оралжан мырзамен көрермендермен көгілдір экран мен сахна алдындағы тәжірибесі туралы сұхбаттастық. Әңгіме барысында қонағымыз екі бағыттың қиыншылықтары мен қызықтары туралы баяндайды.
1.Қазіргі кинодағы қандай тақырыптарды ең өзекті деп санайсыз және олар туралы ойыңыз қандай?
- Қазіргі таңда қазақ киноиндустриясының ішінде комедиялар көп таралып кетті.Ол халыққа жеңіл күлкі болу үшін және де бұл жерде басты мәселе қаржылық пайда табу үшін сондай кинолар түсіріліп кетті. Негізінде, біздің сериалдар киноға қарағанда біраз тақырыптарды ашып жатыр. Мынау «Шекер» болсын, «5:32», «1286» сериалдары, қазір қоғамдағы тақырыптарды ашып жатқан сериалдар және жетістікке жетіп жатқандарда солар. Ал әзірге қазақтың фильмдарының ішінен тек халыққа арзан күлкі, арзан ойын сыйлау үшін ғана түсіріліп жатыр.
2. Қазір бізде қазақша дубляж қарқын алып келеді. Осыған дейін «Ойжұмбақ», «Веном» фильмдері жақсы касса жинауда. Қазақ дубляжы туралы не ойлайсыз?
- Осы салада жасап жатқандар менің таныстарым. Шахмұрат деген кісі режиссері, сол кісінің бастауымен жасалған іс қой негізінен. Қазақ дубляжы өте керек зат бізге. Мен екі қолымды көтеріп тұрып қолдаймын. Арасында болады кейбір дубляждарда кәсіби емес актерлар жүр. Мүмкін оның даусы келуі мүмкін, интонациясы келуі мүмкін, бірақ эмоцияны жеткізе алмайды. Бірақ қазақша дубляжға мен ерінбей екі-үш баруға тырысамын. Шетелдің дүниесіне қазақтың үнің шығарып жіберу өте керемет зат.
3. Қазіргі кино өндірісінде жаңа технологияның рөлі қандай? Оларды қолдану шығармашылық үдерісті қалай өзгертті?
- Бізде қатты дамымаған ол дүние. Бұл енді Голливудта жақсы дамыған. Бәрімізге белгілі «Марвелдің», «ДСдің» технологиялары ойнап тұр. Осындай кішігірім жерде бір актерді түсіреді, қалғанын технологиямен жасайды, кейін нәтижесінде актер орман ішінде жүрген көрініс шығарады. Ал бізде менің көргенім бойынша бір фильмге бардым, маған қызық болды «Zamanback» фильмі. Маған ұнамаған жері актерді машина қағатын кадры, оның кәдімгідей жіппен байлап, монтажбен ұшырғаны көрініп тұр. Көрерменнің көзімен көрген адамға байқалмауы мүмкін, ал біз оны қарап, талдап отырамыз. Сол кадр көзге бақырайып көрінді. Технологияда осындай кішкентай дүниелер әсер етеді. Сондай минустарды көре түсінесің, бізде ондай жұмыс жасайтын әлі адам жоқ. Былай қарап тұрсақ, «Өрмекші адамның» ішінде жүретіндерінің ғимараттан ғимаратқа секіруінің өзі біраз монтаждың жұмысы. Ал бізде бір адамды ұшыру 10 секундтық кадрды «Capcutпен» істей салған секілді. Одан бөлек біраз фильмдер бар технологиялық тұрғыдан әлсіреп жатыр.
Сурет авторы: Әсем Дүйсенбек
4. Театр режиссері ретінде қойылымды қоюды бірінші неден бастайсыз? Идеядан немесе сценарийді оқудан әлде актерлармен жұмыс жасаудан?
- Ең бірінші театр режисссері ретінде бірінші шығармамен танысамын. Мысалы мен сіздерге бір қойылым қою керек болсам, алдымен өзім оқып аламын. Онда мысалы осындай шығарма, 4 қыз 2 ұл, демек маған 6 актер керек. Мен шығарманы оқып өзім таныстым, енді актерлармен жұмыс істеймін. Мүмкін бір топта 20 актер болуы мүмкін, 10 ұл 10 қыз. Сол кезде тренингтар басталады, актерлар жұмыс басталады театр режиссері ретінде. Осы кезде актерлардың потенциалдары көрінеді. Мен мысалы өзім ойлап жүрген рөлге бір актерді келеді деп ойласам, бірақ тренинг жасаған кезде ол келмей қалуы, басқа адам келіп қалуы мүмкін. Сол кезде мен басқа әдіс іздеймін. Театр режиссері ретінде бірінші жұмыс осылай жүреді. Ал кинода менде практикада болды. Қазақ Ұлттық университетінде қысқаметражды фильмдер болады. Онда көп жағдайда режиссерлар диплом жұмысы ретінде алады, фестивалдарда жүреді қысқаметражбен. Ол жақта жұмыс мүлдем бөлек. Онда командамен жұмыс істейсіз. Қасыңызда дыбыс жазатын адамыңыз болады, операторыңыз болады, ассистентіңіз болады, бір үлкен команда жұмыс істейді. Оның қиыншылықтары театр режиссерінен мүлдем бөлек.
5.Осы уақытқа дейін режиссер ретінде сіздің ең ұмытылмас тәжірибеңіз қайсы болды?
- Маған өзіміздің театрда «Оң қол» қойылымы жақын болды. Сосын режиссерлік үлкен жұмыстарымның бірі «Тукмар» МНУ-университетінде қойылды. Маған шығармада ұнады өзіме, кәдімгідей ғашық болдым шығармаға және актерлік жұмысқа да мен риза болдым. Сол жұмыс есімде қалды.
6. Актерлармен жұмыс жасау кезінде олардың кейіпкерлерді ашып, сахнада қажетті атмосфераны құру үшін қалай көмектесесіз?
- Бұл жерде режиссер ретінде мен мысалы бір рөлді басқаша көремін. Мысалы «Оң қолдағы» басты актрисаның рөлі ауру адам, оң қолы өзіне бағынбайды. Мен қарап тұрған кезде актриса басқа бағытқа кетіп бара жатса режиссердің жұмысы өзінің көріп тұрған линиясына түсіру. Мүмкін әртіс дұрыс бастауы мүмкін, линиядан шығып бара жатқан сәтте оны линия түсіру қандай жұмыс? Оған толық түсіндіреміз. Оған кейіпкердің жайын толық түсіндіріп жеткізу. Бізде практикада болған, біз психикалық ауруханаға бардық бір апта. Актерларды алып, апарып, қолхат жазып, кіріп, зерттедік. Біздің образымызға керек адамдар болды. Соларды көрсету арқылы «сен мына кісінің линиясын қара» деп солай әртістерді бағдарға түсіріп отырамыз. Неше түрлі практика болады. Қойылымға байланысты, шығармаға байланысты неше түрлі жағдай болады.
7. Көрерменмен қойылым кезінде эмоционалды байланыс орнату сіз үшін қаншалықты маңызды және сіз оны қалай жасайсыз?
- Бұл байланыс біраз театрларда бар. «Жастар» театры, «Қ.Қуанышбаев» театрында олар актерлік арқылы жеткізеді, бұл жерде актерлардың жұмысы өте маңызды, ол сол байланысты беру керек. Мысалы «Қ.Қуанышбаев» театрында «Шәмші» қойылымында халық тұрып кетеді. Халық тұрып «қайта бірге айтайық» деп сұрайды Шәмшінің әндерін. Мысалы басты рөлдегі әртіс және артындағы массаның бәрі байланысты береді. Мен жұмыс жасайтын университеттік «Жан» театры, біз тікелей соған жұмыс істейміз. Бізде «Өлара» деген қойылым бар, ол файеден басталады. Сіздер залға өтпей тұрып, есік алдынан басталады, сосын кіреді, қойылым ортасында халықты біз өзіміз тұрғызып аламыз. Біздің жеке жанр осындай. Көрермен өзін көрерменмін деп ойламау керек, ол өзін сол жерде жүргендей сезіну керек.
- Осымен сұрағы аяқталмас сұхбатымыз өз соңына жетті. Айтылған пікіріңізбен, бөліп келген уақытыңызға көп рақмет. Шығармашылық табыс тілей отыра, келесі жүздескенше деймін.
Сурет авторы: Әсем Дүйсенбек
МАТЕРИАЛ АВТОРЫ ЖӘНЕ СҰХБАТТАСҚАН: АЛИНА ЕРКІНБЕК