«Сол күні ағасы Нұрқанатты тонап, 4 рет пышақтаған»: Шерзаттың адвокаттары қылмысқа қатысты жаңа деректерді айтты

15.11.2024, 14:05
2384
«Сол күні ағасы Нұрқанатты тонап, 4 рет пышақтаған»: Шерзаттың адвокаттары қылмысқа қатысты жаңа деректерді айтты коллаж smartnews.kz

Екі қыз күдікті ретінде тергеліп жатыр ма? Жоғалды деген бейнебақылау жазбасын желіге кім таратты? Нұрғанат Ғайыпбаевтың телефоны мен әмияны ұрланғанына байланысты іс қозғалды ма? ТВ-дің шақыртуларынан бас тарттық деген адвокаттар маңызды сұрақтарға жауап беріп, жаңа деректерді айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың отбасын қорғаушы адвокаттар мен Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде тікелей эфирге кірді. Олар эфирде тергеу барысына қатысты мәліметтерді айтып, соттың ашық өтетініне сенімділік білдірді.

Тікелей эфирді қаралы отбасыға көмектесіп жүрген Айтбек Амангелді жүргізіп, құқық қорғаушыларға кезегімен сөз беріп отырды. Ол қорғаушыларды соңғы кезде көп телебағдарламалар шақырып жүргенін, бірақ бәрінен бас тартатындарын мәлімдеді. 

Эфирде алдымен сөз алған бірінші адвокат Карина Көшербаева дүкендегі жанжалдың провокациялық үзінділері көрсетілген бейнебақылау жазбасын желіге таратқандарға байланысты тергеу шаралары жүріп жатқанын айтты.

«14 қазан күні instagram-дағы SONA.KZ парақшасында оқиға болған Қамажай дүкеніндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған жанжал тарап кеткен болатын. Біз бұны біле салысымен Ішкі істер министрлігіне шағым түсірдік, арызымыз қаралып жатыр. 16 қазан күні 423-бап яғни сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету бойынша іс қозғалды. Іс Алматы облысы полиция департаментінің қауіпсіздік қызметіне берілді. Сонымен қатар, SONA.KZ парақшасының иесі анықталған соң, істі тергеуді ауыстыру туралы арыз түсірдік», – деді адвокат Карина Көшербаева. 

Екінші адвокат Саида Тәуекелова «куәгер» статусына ие екі қыздың жайы туралы жеткізді. Ол қыздар аталған қылмысқа тікелей қатысы бар деп санайтынын, олардың әрекетіне қылмыстық-процесуалдық баға берілуге тиіс екенін мәлім етті.

«Біз 30 қазан күні Алматы облысы прокуратурасына тергеу әрекетіне тексеру жүргізу туралы шағым түсірдік. Біз екі қыздың әрекетінде ҚР ҚК 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) бойынша қылмыс құрам бар деп санаймыз. Заңға сай, бұл ауыр қылмыс болып саналады. Біз олардың әрекетін аталған қылмыстық іске ауыстырып саралауды талап етеміз», – дейді адвокат Саида Тәуекелова.

Үшінші адвокат Марал Жайлаубаева марқұм Шерхаттың ағасы Нұрқанатқа трагедия түні жасалған шабуылды тергеу барысын айтып берді. Сол түні Нұрқанаттың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлап кеткен. Тонауға байланысты 188-бап яғни ұрлық бойынша іс қозғалыпты. 

«Нұрғанат Ғайыпбаевқа 3-4 рет жамбасы мен төсіне пышақ сұққан. Бұндай әрекет адамды өлтіруге тікелей бағытталған әрекет. Сондықтан біз Адамды өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық іс қозғауды сұрап өтініш хат түсірдік. Қазіргі таңда ол қарастырылып жатыр.

Іс бойынша жәбірленуші мен күдіктілерді ортада бетпе-бет жүздестіргіздік. Қазір тағайындалған сараптамалардың қорытындыларымен танысып жатырмыз», –  деді адвокат Марал Жайлаубаева.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді