1193

Итті пышақтаған ақтөбелік бала жауапкершіліктен құтылып кетті

Ақтөбеде итті бірнеше рет пышақтап, аяусыз тепкілеген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды.

Итті пышақтаған ақтөбелік бала жауапкершіліктен құтылып кетті
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция бала 14 жасқа толмағандықтан, істі тоқтатқан. Оқушы Тараз қаласындағы арнайы білім ошағына жіберілуі мүмкін. Түпкілікті шешімді сот шығарады.

Үй жануарына асқан қатыгездік көрсеткен баланың видеосы әлеуметтік желіге жарияланып, жұрт жағасын ұстады. 9-сыныптың оқушысы байлаулы итті  қинаған. Төбетке бірнеше жерден пышақ сұғып, тепкінің астына алған.

Жеткіншектің әрекетін қасындағы балалар қолдап тұрған. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері итке қорлық көрсеткен оқушы мен оның ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданғанын жеткізді. 

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор