Азия ойындары Көшпенділер ойындары емес: Қанша жүлде бұйырар екен?

15.11.2024, 14:55
547
Азия ойындары Көшпенділер ойындары емес: Қанша жүлде бұйырар екен? olympic.kz

ІХ қысқы Азия ойындары 2025 жылғы 7-14 ақпан аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында өтеді.

Өз жерімізде өткен Көшпенділер ойындарында қоржынды жүлдеге толтырып, бір марқайып қалған едік. Азия ойындарында қоланың өзін алуға үлкен күш салу қажет екенін айтпаса да түсінікті.

«Жарысқа 32 елден 1147 спортшы қатысады. Олар спорттың 6 түрінен (11 дисциплина - биатлон, тау шаңғысы, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, ски-альпинизм) 196 медаль жиынтығының иесін анықтайды», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Азамат Имашев ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Еліміздің Ұлттық құрамасы спорттың 6 түрінен 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) алып барады. Олар 50 медаль жиынтығына таласады.  Биатлоннан - 10 спортшы, кёрлингтен – 12 спортшы, конькимен жүгіру спорты – 20 спортшы, мәнерлеп сырғанау – 4 спортшы, шорт-трек – 12 спортшы, шаңғы жарысы – 12 спортшы, шайбалы хоккей (ерлер) – 23 спортшы, шайбалы хоккей (әйелдер) – 23 спортшы, тау шаңғы спорты – 8 спортшы, фристайл-акробатика – 7 спортшы, шаңғы жарысы – 8 спортшы. 

Жоғары нәтижеге қол жеткізетін әлеуетке ие спортшылар қатарында Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Вадим Куралес, Олжас Климин, Константин Борцов, Никита Гридин, Ксения Шалыгина, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан бар.  

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады